• Пн. Окт 3rd, 2022

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталғандығын назарларыңызға жеткіземіз.

Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2022 жылғы 23 мамырдан 23 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:
Абай ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тәуке хан, № 3А. Байланыс: +7 (7252) 53-02-00;
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, № 49. Байланыс +7 (7252) 54-58-46;
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, № 119. Байланыс +7 (7252) 53-27-42;
Қаратау ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, № 60. Байланыс +7 (7252) 77-45-96.
Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000306