• 8 мая, 2024 11:17 пп

Шырайлы шаһар тынысы: Қаламызда «Дарынды балалар» фестивалі өтті

Автор:admin

Май 23, 2022

Үшінші мегаполисте еліміздегі  — балалар жылына орай көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі «Дарынды балалар фестивалі». Ия расыменде қаламызда көптеген жас дарынды балалар жетерлік. Қала әкімдігі тарапынан дарынды балаларды қолдау үшін көптеген игі бастамалар мен балаларды қолдауға арналған тың жобалар жүзеге асып келе жатыр. Бұл іс-шара қала балаларының арасында өнерімен, жан-жақты білімімен, алғырлығымен көзге түсіп жүрген болашағымызды биік ұстайтын жас азаматтарды қолдауға арналды. Іс шара қаламыздың оқушылар сарайында өтіп оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, білім саласының мамандары, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

– Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының бастамасымен оқушыларды, балаларды қолдауға арналған түрлі іс-шаралар қолға алынған. Көптен бері алғаш реті 150 мың жуық оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, оған қоса, 60 мың оқушыға арналған тегін үйірмелер жұмыс істеп тұр. Мұның барлығы сіздер сапалы білім алу үшін арналған. Себебі, оқушылар, жастар неғұрлым білім алып, дамыса, еліміз де соғұрлым дамиды. Сіздердің табыстарыңыз – мемлекеттің табысы! – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

    Биыл Жаңа жыл қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.

    Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген еді.

Бұдан кейін білімімен, дарынымен, өнерімен топ жарып жүрген оқушыларға қала әкімінің арнайы  алғыс хаттары мен грамоталар, сыйлықтары табыс етілді. Олар – республикалық шығармашылық оқулардың, олимпиалар мен басқа да сайыстардың жеңімпаздары.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында Шымкенттің 500-ден астам оқушысы халықаралық, республикалық, деңгейдегі түрлі сайыстарда топ жарды. Салтанатты жиынға 300-ге жуық оқушы қатысты.

Jsk ақпарат

Автор: admin