• Пн. Дек 5th, 2022

Қарақат Әбден жастармен кездесу өткізді

Автор:admin

Ноя 7, 2022

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Жезқазған қаласына ат басын бұрған үміткер жергілікті сайлаушылармен, жастар қауымыменкездесті.

Жиын барысында жастарды толғандырып жүрген сұрақтар талқыланды. Олардың қатарында орта техникалық және жоғары білім, жатақхана мәселелері бар. «Ертеңгі үмітіміз, болашағымыз – жастар. Олардың жағдайын қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз. Жастарға бүгінгі көмек — бұл біздің ертеңгі күнімізге тікелей инвестиция. Бүгінгі кездесу барысында көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Жастардың қоғамдық мәселелерге белсене араласып жүргені қуантады. Олар түрлі өзекті сауалдарды жолдап, ерекше идеяларымен бөлісуде», — деп жеткізді өз сөзінде Қ.Әбден.

Бұдан бөлек, жас ұрпақтың бойында ұлттық намыс пен патриоттық сезімді қалыптастыру, қыздардың үйлесімді тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде де сөз қозғалды.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 10 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Сұрақтар бойынша:

Еламан Төлепберген +7 701 820 9790