• 24 июня, 2024 5:00 пп

ШЫМКЕНТ: 10 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Ноя 6, 2022

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының барлық сындарлы өтініш-тілектері жедел әрі тиімді қарастырылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Осыған орай, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар орнатылып, шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның бірі — Қаратау ауданы аумағындағы Көшеров көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы тұрғындардың өтінішін ескере отырып жасалды. Сонымен қатар, қала аумағындағы Саяжол көшесіне, Көшеров көшесіне, К.Цеткин мен Қапал батыр көшелерін байланыстыратын Көлбаев көшесіне Шапағат-2 шағын ауданындағы мешітке қарай баратын атауы жоқ көшесіне, Хан тәңірі көшесі,Парасат көшесі,Жібек жолы көшесі, Набережная көшесі,Кенесарин көшесі және Гозахан көшесі. Президентіміздің жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілеттілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.

Jsk ақпарат

Автор: admin