• 24 апреля, 2024 8:55 пп

ШЫМКЕНТ: БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 6, 2022

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева баспана мәселесіне қатысты тұрғындарды қабылдады. Елімізде баспанаға деген қолжетімділік – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Басқарма басшысы бұл мәселенің біздің қаламызда да, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері барынша ілгерілеп келе жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға да Заң аясында түсіндіріп өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік  қызметтерді алуға  тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін хабарлады. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер  2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында  жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет. Кезекке тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  67 бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.

Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:

1)​Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2)​жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3)​«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

4)​халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;

5)​мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және  әскери қызметшілер;

6)​жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде құрылыс саласын қолдауға бағытталған бірқатар нақты шаралар қарастырылған. Мәселен, әкімдіктерге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жекеменшік құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Осы мақсатта биыл 4 мыңгаг аса пәтер сатып алу үшін 35 млрд  теңге қарастырылған. Республикалық бюджеттен қаражат шекті шама бойынша бөлінеді (1 м2 — 140-180 мың теңге). Бұл ретте, әкімдіктер тұрғын үйді сатып алу кезінде шығындарды жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.  Қазіргі кезде құрылыс секторына төтенше жағдайдың ықпалын жеңілдету және коронавирус індетінің салдарынан тұралауға жол бермеу үшін мемлекет барынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin