• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

Автор:admin

Авг 4, 2022

Қазақстанның автожол саласын ілгері­лету үшін Инфрақұрылым­ды дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы әзір­лен­ген болатын. Биылдан бас­тап аталған бағ­дарлама «Қуатты өңір­лер: ел дамуының драй­вері» ұлттық жобасына айналады. Б.Камалиевтің айтуынша, ақы­­лы жүйе автожолдарды нор­ма­тивтік күтіп ұстау үшін енгізіліп жатыр, аталған жүйе шығын­дарды толық көлемде жабуға және рес­публикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін ақылы жүйені рес­публикалық желідегі автомо­биль жолдарының 11 мың шақы­ры­мына енгізу көзделген. Сон­дай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 100%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілмек.

Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігі өкіл­де­рінің айтуынша, бүгінде рес­пу­б­ликалық маңызы бар жол­дардың бойында 1 738 қызмет көр­сету ны­саны бар, олардың 1 093-і немесе 63%-ы Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.  1-кезеңге сәйкес Өтегенов көшесінің жалғасы “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр,  ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. 2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 шақырым, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған. Шымкент қаласының әкімі бүгінгі құрылыс нысандарын аралау барысында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше көшеге барып, жұмыс барысын қадағалады. Шымкент қаласындағы Ақжайық шағын ауданында орналасқан Ақжирен, Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, №10 Сәйгүлік жалғасы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш шағын аудан бойынша жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жол жөнделеді. Қазіргі таңда Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, Ақжирен көшелерінде жол негіздемесі және асфальтбетон жамылғысы төселіп, аяқжол орнату жұмыстары жасалуда.  №10 және Сәйгүлік көшесінің жалғасында асфальтбетон жамылғысының бірінші қабаты төселіп, екінші қабаты төсеу жұмыстары атқарылуда.

Jsk ақпарат