• 3 декабря, 2024 5:10 пп

ШЫМКЕНТ: ӘІО-ДА 8 ҮЙ ОСЫ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Автор:admin

Авг 6, 2022

Соңғы жылдары қаламызда тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Қала тарихында бірінші рет пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1 млн шаршы метрді құрайтын болады. Оның ішінде 109 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, барлығы 6708 пәтер пайдалануға беріледі. Салаға бағытталған қаржының 44 пайызын немесе 48,7 млрд теңгесін жеке инвестиция құрайды. «Shymkent» ӘКК» ЖШС-гі арқылы 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, жеке құрылыс компаниялары тарапынан 58 тұрғын үй кешендері салынуда. Бюджет есебінен 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 22 – арендалық, 57 – кредиттік үйлердің құрылыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2432 пәтерлі 39 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Арендалық 6 үй мен кредиттік 33 үйдің жалпы алаңы 141 мың шаршы метрді құрамақ. Қазіргі таңда 46 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жеңілдетілген несиелік шартпен 2096 пәтер беру жоспарланса, жұмыс істейтін жастарға, көпбалалы аналарға және халықтың әлсіз әлеуметтік топтарына жататын тұрғындарға арналған 1916 коммуналдық пәтерлер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған санаттары үшін 500 тұрғын үй сертификаты беріледі. Шымкент қаласының Әкімшілік іскерлік орталығында 9 қабатты 8 тұрғын үй салынуда. Бүгінде оның төртеуі пайдалануға берілді, қалған төрт үйде құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. 432 пәтердің жалпы аумағы 23 820 шаршы метрді құрайды.  Бүгінде тұрғын үйлердің инженерлік желілері 75 пайыз, лифт – 10 пайыз, ішкі әрлеу 95 пайызға, сыртқы әрлеуі 90 пайыз жұмыстары аяқталған.  Құрылыс жұмыстарының барысын қадағалаған қала әкімі құрылысты осы айдан кешіктірмей аяқтауды және абаттандыру жұмыстарында орын алған олқылықтарды реттеуге тапсырма берді.  М.Әйтенов жаңадан бой көтеріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.  Шымкент қаласының ӘІО Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан №1 және №4 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. 2020 жылдың аяғында басталған құрылыс жұмыстары қыс мезгіліне дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Әрбір үйдің аумағы 3 518,43 шаршы метр, 1,2,3 бөлмелі 54 пәтерден тұрады.  №1 үйдің бүгінде темірбетон бұйымдар-100%, ішкі әрлеу-95%, инженерлік жүйе (су, жылу, электр, кәріз, газ)-95%, лифт-99%, дәліз периласы-90%, балкон есіктері мен терезелері-80%, қасбет-90% жұмыстары аяқталған. Ал, №4 үйдің темірбетон бұйымдар-90%, ішкі әрлеу-85%, линолеум-70%, обой-75%, кафель-75%, инженерлік жүйе -85%, лифт-90%, дәліз периласы-5%, балкон есіктері мен терезелері-60%, қасбет-80% жұмыстар жалғасуда.  Қала әкімі кемшіліктерді реттеп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin