• Пт. Дек 2nd, 2022

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Июн 3, 2022

Шымкент – еліміздің республикалық маңызы бар үш қалаларының бірі.

Қала Оңтүстік өңірінің тарихи және мәдени орталығы болып табылады, сонымен қатар, ішкі және сыртқы туризмдерді дамыту үшін жеткілікті рекреациялық және табиғи әлеуеті бар. Қазақстанның оңтүстік мегаполисі өз аумағы арқылы өтетін көптеген су артериялары бар жалғыз қала. Шым шаһарының аумағынан Қарасу тармағы мен Бадам және Қошқар ата өзендері ағып өтеді. Сондай-ақ, қаланы шығыстан батысқа қарай кесіп өтетін Бадам, Шымкент, Жаңашек және Текесу каналдарының жасанды су жолдары бар. Қонақжайлылық жағынан да Шымкент алда тұр. Оңтүстіктің адамдары қонақ келгенді жақсы көреді, жалпы қонақтарды өте жоғары бағалайды. Олар қонақты елге мақтанып, жұртқа көрсету үшін емес, жүрекпен күтеді және шымкенттіктердің бұл қасиеті бірінші кезекте шетелдіктерді қатты қызықтыратын сөзсіз. Жалпы қаламызда 4 аудан бар болатын болса соның бірі әрі көз ілестірмей қарыштап дамып келе жатқандарының бірі Қаратау ауданы. Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудандағы көп қабатты үй комитеттерінің төрағаларымен, тұрғындармен жүздесті. Күн тәртібіндегі жалғыз тақырып – көп қабатты үйлерді басқару түріне өту. Жиынға аудан әкімімен қоса қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та қатысты. Жауапты мамандардың айтуынша, 2022 жылдың шілдесінен бастап бұрынғы пәтер иелерінің кооперативі жұмысын тоқтатып, оның орнына үй басқару толық пәтер иелерінің қолына өтеді. Ол үшін тұрғындар пәтер иелерінің бірлестігі (ПИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) формасын таңдаулары тиіс.

– Ол үшін көп қабатты үй тұрғындарының кемінде 10 пайызы жиналып, белсенді топ құрады. Одан кейін жалпы жиналыс өткізіп, оған сол үйдегі тұрғындар қатысуы тиіс. Сол жерде нысанды басқарудың пәтер иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік секілді екі түрінің бірі таңдалып, хаттама түзіледі. Егер пәтер иелерінің бірлестігі болса, онда заңды тұлға ретінде әділет органында тіркеледі, ал жай серіктестік жеке тұлға ретінде қызмет етеді. Ол үшін сол тұлғаға барлық тұрғын сенім білдіруі тиіс, – деді аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов. Жиында қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров та сөз алып, жаңа басқару жүйесі бойынша тұрғындар өз пәтерлерінің шаршы метріне байланысты қаржы жинайтынын, ол қаржы үйді залалсыздандыру, коммуналды жүйені күтіп-ұстау секілді жұмыстарға жұмсалатынан, оның барысын тұрғындар бақылай алатынын жеткізді. Бұдан кейін тұрғындар мен үй комитеттерінің төрағалары сұрақ қойып, пікір алмасты.

Jsk ақпарат