• 29 марта, 2024 11:39 дп

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ТАҢБА СЫЗЫҚТАРЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Июн 3, 2022

2022 жылы 13 магистральдық жолды, 3 көпірді қайта жаңарту, 2022 жылы 2 жол айрығын (Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында, Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында, ) және 2021-2022 жылдары 1 көпірді салып,  пайдалануға беру;

2021 жылы №1 автожолды күрделі жөндеуден өткізу,Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы, 2022 жылы – Адырбеков көшесінің құрылысы;

2023 жылы Ташкент-Алматы бағытындағы қаланың көлік өткізу қабілетін арттыру үшін Қонаев даңғылын салуды жалғастыру;

2023-2024 жылдары қаланың транзиттік айналма жолдарының сыртқы сақинасын қалыптастыру үшін А-2 айналма жолының құрылысын аяқтау;

2025 жылға дейін – оңтүстік және шығыс айналма жолдарының құрылысы;

2023 жылға қарай – қоғамдық көліктің маршруттық желісін оңтайландыру (бірнеше көлікпен ауысып жетудің санын және уақыт шығынын азайту мақсатында, шалғайдағы тұрғын үй алаптарына дейін ыңғайлы жолаушылар маршруттарын дайындау, қозғалыс аралықтарын қысқарту), мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген автобустарды сатып алу;

2024 жылға дейін – көлікті басқаруда заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;

2021 жылға қарай жаңа велосипед жолдарын және жаяу жүргіншілер жолдарын құру;

2021 жылы Shymkent-bike жобасы қайта жаңарту.

Шымкентте 2017-2019 жылдары көлік инфрақұрылымын дамытуға 31 млрд. теңге бөлінді, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 221 нысан немесе 223,7 км жол мен көшелер қамтылды, оның ішінде 125 км немесе 170 нысан пайдалануға берілді.

2020 жылы қалалық қара жолдар асфальтталды, 65 көше мен 2 көпір күрделі жөндеуден өтті, 227 көше орташа жөндеуден өтті;

Әуежайдың өткізу қабілеті — сағатына 200 жолаушы (қазіргі жағдайы — 400 жолаушы/сағат). Соңғы күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді.

Шымкент қаласының теміржол вокзалы 1968 жылы салынған, бастапқы өткізу қабілеті — тәулігіне 2000 жолаушы, қазіргі кезде 6000 жолаушы өтеді.Соңғы күрделі жөндеу 2010 жылы жүргізілген.  Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала ішілік жолдардардың жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде аталған жұмыс кезеңінде 100 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған. Сондай-ақ, қаладағы маңызды көшелердің бірі саналатын — Тәуке хан даңғылы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргінші өткел жолдар таңбалары жаңартылды. Аталған жұмыс көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында түнгі уақытта жүргізілуде. Айта кетейік, биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып,  250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin