• 3 декабря, 2024 2:23 пп

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА  АЛАҢШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Июл 7, 2022

2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға арналған орта мерзімді даму жоспары болып табылады. Ол жинақталған ұлттық жоспарлау тәжірибесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан үшін жаңа жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, ең жаңа әлемдік жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын жалғастыруда. Бұл бағыт жаңа жағдайдағы 2050 стратегиясының үдемелі жалғасы және мұндай бағыттың баламасы жоқ. Өсу қарқыны орташа әлемдік өсуден төмен болған кезде Қазақстанның озық елдерден қалып қоюы жинақталып, дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті мүмкін болмас еді. Нысаналы траекторияның параметрлері кездейсоқ емес. Дәл осы көрсеткіштер бізді дамыған 30 елдің қатарына кіруге – жоғары әл-ауқат деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікке әкеледі. Бүгінгі таңда Қазақстанның алға батыл қадам жасау үшін жеткілікті экономикалық, интеллектуалдық және саяси ресурстарға ие. 2025 жылға дейінгігі Стратегиялық жоспар Қазақстанның ұлттық жетістіктерінің берік іргетасына сүйенеді.

Қайтпас шағынауданында ойын және ашық спорт алаңшаларының құрылысына қажетті жер телімі анықталды. Бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаратау ауданы әкімінің аппараты мен «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет»  қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрының мамандарымен бірлесіп, Қайтпас шағын ауданында балаларға арналған ойын және ашық спорт алаңшасын салу мақсатында бос жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізген.

— Бүгінде аталған шағынаудандағы М.Оразалиев көшесінің бойынан бір бос жер телімі анықталып, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына мемлекеттік акт алу бойынша комиссияға ұсынылды. Нәтижесінде комиссия оң қорытынды беріп, Қаулы шығару үшін нысанды орналастыру жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, аталған бос жер телімін мемлекет теңгеріміне заңдастырылуына орай, ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама әзірленді, енді бюджетке өтінім ұсынылмақ, — дейді Қаратау аудандық әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қуатжанқызы. Айта кетейік, жыл соңына дейін ауданда  41ойын алаңшасы, 10 спорт алаңшасын салу жоспарланған.

Jsk ақпарат

Автор: admin