• 23 июня, 2024 9:19 пп

Шымкент қаласының экономкиалық даму тенденциясы!

Автор:admin

Май 1, 2023

Шымкент мегаполис атанғалы экономикасын орнықтырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық белсенділігі өсті. Бұлай айтуымызғада себебеп бар: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген міндеттерге сәйкес,мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуы қаламызда ерекше назарға алынған. Шымкент аглемерациялы қала болғандықтан, біздің қаламыздың тұрғындары үшін кез-келген кәсіпкерлік нысандар мен бизнестің дамуы әрқашан алдыңғы орындарда тұратындығы сөзсіз. Еліміз ел болғалы, Прзидентіміздің бастамалары шырайлы қаламызда өз үлгісін көрсетіп келеді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысы экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан жергілікті әкімдіктің бұл салада атқарып отырған жұмыстары елеулі. Себебі қалаға инвестиция тарту оны кепілдендіру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Дана халқымыз айтады «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей» деп. Осы мақалдың да астында қаншама философиялық ойлар мен еңбекке баулуға бағытталған идеология жатыр. Қош делік, Шымкенттің әлеуеті тек экономика мен ғана емес сонымен қатар сауда-саттық, тұрақты бизнестің мемлекет арқылы субсидиялануы Президетніміздің жолдаулары мен жазбаларына сүйене отырып жасалады. Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2202,9 млрд.теңгені құрады, республиканың ЖІӨ-дегі үлес салмағы 3,5% жылжыды. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2152,1 мың теңгені құрап, өзінің даму динамикасын өзге өңірлерге қарағанда жоғары екендігін тағы бір дәлелдеп отыр. Биылғы жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 2,8 пайыздан 3,1 пайызға дейін артып отыр. Еліміздің макроэкономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы нақтыланып, республикалық бюджеттің жобасы қаралды. Қазақстан экономикасының өсім болжамы Дүниежүзілік банктің зерттеулеріне негізделген, ол бойынша жаһандық экономика өсімі вакциналаудың ұйымдастырылуына байланысты 1,6 пайыздан 5 пайызға дейін артады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin