• Пн. Сен 26th, 2022

Шымкент қаласының Туризмі таңдайды қақтырды ма?!

Үшінші қаланың әлеуетін арттыру шаралары бойынша туризмнің алар орны ерекше. Қай шаһардың болмасын көрнекті жері, көрсетететін мекені таңдайды қақтыруы тиіс. Бірақ шырайлы Шымкенттің бұл  жетістіктері қаншалықты деңгейде дамыды және дамиды?! Сан ғасырлы тарихты қойнауына жинап, тоғыз жолдың торабында орналасқан қасиетті қаламыздың, қала тұрғындары мен қонақтары үшін не беріп, не көрсете алады деген сауалы қала әкімдінің негізгі мақсаттарының біріне айналуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келген болатын. Оған 2018-2019 жылдардың ресми статистикалық мәліметтері дәлел бола алады. 2019 жылы келушілердің саны 249 313 адамды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 140,1%-ға жоғарылаған. Өз кезегінде келуші туристердің санын  2020 жылы — 130% өсіру жоспарланған. Алайда, 2020 жылы бүкіл әлемде орын алған  жағдайға байланысты қаламызда карантиндік жағдай енгізіліп, туристердің саны біршама азайып, туризм саласының дамуына кері әсер етуіне орай, 2019 жылдың сәйкес кезеңінің 85%-ын орындау жоспарланып, көрсеткішке толығымен қол жеткізілді деп хабарлайды салаға жауапты мамандар. 2021 жылдың 9 айында қалаға келушілер саны 238 197 адамды құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (122 654 адам) 1,9 есеге өсіп, 194,2%-ды құраған. Статистикалық ақпаратқа сәйкес 2021 жылдың 9 айы бойынша орналастыру 335 653 төсек-тәулік ұсынылып, 2020 жылмен салыстырғанда (222 759) 150,7%-ға артып отыр. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2021 жылдың 9 айында  3 992 964,1 мың теңгені құрап, 2020 жылмен (2 264 789,5 мың теңге) салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 176,3%-ды құрады. Республикалық көрсеткішке сәйкес,  қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 6 орында. Дегенмен, республиканың өзге өңірлерімен салыстырмалы түрде қарастырғанда Шымкент қаласы статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары пайызға ие болып отырған 4 қала. Мысалыға, республика деңгейіндегі аймақтар арасында келуші туристердің саны бойынша Павлодар облысы – 222,6%, Қызылорда облысы – 213,8%, Маңғыстау облысы – 212,8%, Шымкент қаласы – 194,2%,  Ақтөбе облысы – 189,5%, Нұр-Сұлтан қаласы – 187,7%, Батыс Қазақстан облысы – 180,4%, Солтүстік Қазақстан облысы – 179,3%, Түркістан облысы – 171,8%, Алматы қаласы — 165%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие болған.

Бүгінгі күні Шымкент қаласында 125 орналастыру орны, 9 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 сакралды нысан, 11 сауда, ойын-сауық орталығы, 5 діни нысан, 18 аквапарк  және 4 табиғи су көзі орналасқан.

Аталған нысандардың барлығы дерлік қалаға келетін туристерге қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда халықаралық туристік нарықта медициналық туризм басым бағыттардың бірі болып есептеледі. Осы ретте, Басқарма тарапынан Шымкент қаласына келетін қазақстандық және шет елдік емделушілерге талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау нәтижесінде қалаға емделу мақсатында келушілердің 72%-ын Ресей, 15,09%-ын Украина, 11,54%-ын Қазақстан және 1,37%-ын өзге мемлекеттердің азаматтары құрайтыны анықталды. Сонымен қатар, емделушілердің басым көпшілігі онколигия (жылына орта есеппен 6 000 адам), кардиология (жылына орташа 2 000 адам) және нейрохирургия (жылына 1200 адам) мамандарының көмегіне жүгінген. Осыған орай, Шымкенттегі медициналық мекемелердің әлеуетін ескере отырып, қала емханаларымен бірлесе 3 медициналық турпакет әзірленді. Бұдан бөлек, Шымкенттің 20 туристік нысанының, оның ішінде Дендросаябақ, Зообақ, Бәйдібек би ескерткіші, Цитадель, Қошқар ата өзені, Сайрам тұрғын алабындағы киелі нысандар және т.б.                             3D аэротүсірілімі жүргізіліп, арнайы интерактивті альбом әзірленді.              

  3D-турлар VISIT-SHYMKENT.KZ порталымен интеграциялануда. Осы арқылы кез келген турист шынайы уақытта онлайн форматта нысандарды 360 градуста көріп-тамашалауға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде, қалаға келуді жоспарлап отырған туристер үшін баратын нысандарды алдын ала таңдап, танысу үшін қолайлы құрал болып табылады. Шымкенттегі туризм саласында білім алып жатқан студенттерге Анталиядағы халықаралық деңгейдегі оқу орнында оқып, екі диплом алып, тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыру мақсатында басқарма және «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглу және проректоры Будждак Клавдиямен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Кездесудің нәтижесі бойынша туристік қарым-қатынасты жақсартып, жастардың өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ, біліктіліктерін арттыра отырып, оқуға қолдау көрсету жөнінде келісім орнады. Нәтижесінде, қаладағы жоғары оқу орындарының арасындағы келісім негізінде екі жақты оқу жоспарын жүзеге асыра отырып, халықаралық деңгейдегі 2 диплом алуға мүмкіндік берілмек. Ол үшін Түркия тарапы Шымкент қаласының туризм саласы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарымен келісімге келуге әзір. Одан өзге, студенттер Анталия қаласындағы орналастыру орындарында 5 айлық өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификат алады.

2021 жылдың 26-27 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі өтті.  Екі күнге созылған форумның алғашқы күні «Қазақ ауылынан» басталды. «Қазақ ауылына» келуші Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының туристік сала өкілдері шаһардың қолөнершілері мен суретшілерінің туындыларымен танысып, жергілікті ас үй тағамдарынан дәм татып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушылар Цитадель көне қалашығы, Сайрам тұрғын алабындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері, Бәйдібек би ескерткіші, «Қазына» этно-кешені, Жайлаукөл саябағы,  А. Асқаров атындағы Дендросаябаққа және арбат алаңындағы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ақпараттық дүңгіршегі сынды біршама нысандарын аралады. Іс-шараның екінші күнінде көрме орталығында форум ұйымдастырылды.  Форум аясында креативті жобалардың конкурсы тәмамдалып, медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия бағыттарында үздік жобалар марапатталды.  Жобаларды бағалау үшін Шымкент қаласының бизнес өкілдіктері, туризм саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері қазылық етті. 

Бұдан өзге, 2021 жылдың қараша айында «EXPO Dubai – 2020» Халықаралық көрмесінде «Шымкент қаласының күндері» өтті    . 3 күн қатарынан Шымкентті таныстыру мақсатында жүзеге асқан шара аясында қаланың мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен инвестициялық және туристік мүмкіндіктері көрсетілді.

“EXPO Dubai — 2020” Халықаралық көрмесіндегі “Шымкент қаласының күндері” аясында Қазақстан павилонына келуші шетелдіктер арасында “Бақытты қалаға саяхат” билеті ойнатылды. Жеңімпаз кез келген уақытта үш күнге Шымкент қаласына тегін саяхат жасай алады. Шымкент қаласының бизнес қоғамдастық өкілдерінің демеушілігімен жүзеге аспақ.

Шымкент қаласында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында мобилографтардың алғашқы республикалық «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі өтті. Екі күнге созылған шараға жалпы саны 15 қаладан 900-ге жуық адам өтінім білдірген. Қатысушылардың басым бөлігі Шымкент және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан т.б қалалардан келген.

«Jsk.kz» ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы

Сағындық Жанысбаев