• 26 апреля, 2024 7:07 дп

Мегаполистің даму қарқыны екі еселеніп Қазақстанның қалалары ішінде айтарлықтай орын алар дәрежеге қол жеткізді. Еліміздің үшінші шаһары әр сала бойынша оқ бойы озық тұр. Өздеріңізбен әр сала бойынша қаламыздың жеткен жетістіктерімен бөлісуді ұйғардым.

Мысалы бюджет саласын алып қарар болсақ екі жылда 2 есеге ұлғайған. 2019 жылы 244,4 млрд. теңге болса, 2021 жылы 495,5 млрд. теңге болған. Оның ішінде қала бюджетінің өзіндік кіріс көлемі 1,8 есеге ұлғайып, 98,7 млрд. теңгеден 174,5 млрд. теңгеге жеткен.

Даму қарқындылығы жағынан білім саласы бойынша қаламыздың елге айтар жаңалықтары көп. Сол жаңалықтармен сіздерге қысқаша мағлұмат беріп өтсем. Соңғы екі жылда Шымкентте 32 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 20 жекеменшік 12-і бюджет есебінен.
Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен шешілді, үш ауысымды мектептер саны 19-тен 9-ға азайды.
2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектептер салу кешенді жоспары әзірленді.
Оның ішінде, 58-і мемлекет, 4-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік, 39 мектеп жеке инвесторлар есебінен салады. Нәтижесінде 2023 жылы Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі екен.
2025 жылға дейін оқушы саны шамадан тыс мектептер, жаңадан қосылатын мектебі жоқ шағын аудандар, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 4 мектеп мәселесі шешімін табады.
Бас жоспарға сәйкес, 2026-2030 жылдарға дейінгі жоспар да түзілуде.
2020 жылы «Шымкент қаласының білім басқармасы жанынан «Дарын орталығы» ашылған. Цифрлық білім беру платформасына мектептер 100 пайыз енген.
Инклюзивті білім беру сапасын арттыру мақсатында 4 ПМПК (педагогикалық медициналық психологиялық кеңес),
2 педагогикалық психологиялық түзеу кабинеті ашылды. Бүгінде жалпы саны 5 ПМПК, 7 түзету кабинеті жұмыс істеуде.
Салаға қатысты 32 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер цифрландыру қызметіне толық өтті.
2021 жылдан Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «hr-process.kz» платформасы құрылып, мектеп ұстаздары мен директорлары ашық әрі бәсекелестік ортада таңдала бастады.
«Көшбасшылық академиясы» бағдарламасы іске асты. «Дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы» және «Дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты», 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы ашылды. Әдістемелік орталық жанынан «Инклюзивті білім беру», «Халықаралық зерттеулер,талдау және сараптау» бөлімдері ашылды.
Мүгедек балаларға арналған Сайрам көмекші мектеп интернаты, көмекші мектеп интернат-колледж болып қайта құрылды.
Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында 7 мемлекеттік колледжді заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталып, 13 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтары ашылды.
Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылды.
Білім беру ұйымдары ғимараттарының кіреберістері 100% турникетпен қамтылған.
Мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған.
Сонымен қатар, мамандандырылған күзетпен 100% келісім-шарт түзілген. Байқап отырсаңыз қаламыздың білім саласындағы нәтижиелі өзгерістерге қол жеткізгенін көруге болады.

Шаһардың денсаулық саласы да сапалы жұмыстарға қол жеткізіп, қала тұрғындарының ризашылығына бөленуде. Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарының материалды техникалық базасын нығайтуға 12,8 млрд. теңге қарастырылған. Техникалық база 78,4 пайызға жаңарды.
Сонымен бірге жеке инвестициялар есебінен медициналық орталықтарға 5 компьютерлі томограф орнатылды.
2020 жылы қалалық перзентхана, №2 қалалық аурухана, «Ана мен бала» орталығы, №1, №9 емханалар ғимараттарына күрделі жөндеуден өтті. 200 орындық қалалық инфекциялық орталық ашылды. Жедел жәрдем автокөлік паркі 100 пайызға жаңарып, диспетчерлік орталық ашылды. 2021 жылы 3 жекеменшік емхана және 1 оңалту орталығы ашылып, қызмет көрсетуде. Үш инсульт орталығы ашылды. Мұның барлығы тұрғындардың денсаулығын нығайтуға жол ашары сөзсіз.

Соңғы екіжылда әлеуметтік қамсыздандыру саласында да қаламыз көп жұмыс атқарды.
2020 жылы қаланың 4 ауданында Халықты жұмыспен қамту орталығының филиалдары ашылып,
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықты жұмыспен қамту шараларына соңғы екі жылда 70 мыңнан астам адам қатысып, оның 50 мыңнан астамы жұмыспен қамтылған.
Сонымен қатар, экономика салаларында 50 мыңнан астам жұмыс орындары ашылса, оның ішінде 29 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,1%-дан 5,0%-ға төмендеген.
2021 жылы мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін «Ten Qogam» және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер түріндегі қызметтер көрсетін «Бақытты жанұя» орталықтары ашылды.
Сонымен қатар «Аутизм және басқа да менталды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ашылды. Әлеуетті салаға да айтарлықтай көңіл бөлініп, жұмыссыз жүрген жандарға жұмыс табылып, әлеуметтік әлсіз топтардың әлеуметтік жағдайы жақсарған.

Қаламыз спорт саласында да жетістіктерге жетіп үлгерді. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы 10 мыңға жуық баланы тегін спорттық секцияларымен қамтамасыз етілді, 2022 жылы 13,7 мың баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.
2021 жылы қалада бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғаш рет 8 спорт түрінен «Жастар лигасы» өткізіліп 7 мыңға жуық оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде бұқаралық спортпен қамту деңгейі 32 пайызға жетті.
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша жергілікті және халықаралық жарыстардағы медаль иегерлер саны 616-дан 1571 дейін өсті.
2021 жылы Токио қаласында жазғы Олимпиядалық ойындарда қала спорт мектептерінің 2 спортшысы қола жүлдегерлері атанды.

Шаһар басшылығының еселі әрі ауыр жұмыстарының бірі ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ саласында 68,2 шақырым жылу жүйелері жөндеу, 15,4 шақырым қымтау, 0,36 шақырым күрделі жөндеу, 3 сорғы стансасы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен есте қалды. Нәтижесінде тозу деңгейі 42,7%-дан 37%-ға дейін төмендеді.
2021 жылы қаладағы тозығы жеткен 35,8 шақырым электр желілері және 98 дана трансформаторлар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ — 25,5 млрд.теңгеге 5 магистралдық 25 елді мекен құрылысы аяқталып, 59,6 мыңға жуық халық қамтылған. Оның ішінде, 11 кестемен, 7 қамтылмаған елді мекен.
Нәтижесінде, сумен қамту деңгейі 94,7%-дан 98%-ға жеткен.
КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУДА — 8,4 млрд.теңгеге 2 магистралдық 2 елді мекен құрылысы аяқталып, 30 мыңға жуық халық қамтылған.
Нәтижесінде, кәрі жүйесімен деңгейі 49,1%-дан 54%-ға жеткен.
ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУДА — 18,1 млрд.теңгеге 2 подстанция 20 елді мекен құрылысы аяқталып, 44,8 мыңға жуық халық қамтылған. Оның ішінде, құрылысы 2015 жылдан бастау алған «Бозарық» 220 кВ және «1-М-1» 110 кВ подстанциялары пайдалануға беріліп, қаланың Солтүстік бөлігін үздіксіз электрмен қамту мәселесі шешілген.
Нәтижесінде, сапалы электрмен қамту деңгейі 93%-дан 97%-ға жеткен.
ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУДА — 13,7 млрд.теңгеге 5 магистралдық 5 елді мекен құрылысы аяқталып, 11 мыңға жуық халық қамтылған. Оның ішінде, аса маңызды құны 9,4 млрд.теңгеге қуаттылығы 250 мың метр куб «№3 АГРС» пайдалануға тапсырылып, қаладағы газ қуаттылы жетіспейтін мәселесі толығымен шешілді.
Нәтижесінде, табиғи газбен қамту деңгейі 92,1%-дан 93%-ға жеткен.

ТҰРҒЫН ҮЙ бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы алғаш рет 1 млн ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілген (2019ж. — 523,7 мың ш.м. 2021ж. – 1012,5 мың ш.м.).
Тұрғын үймен қамтуға 107,7 млрд.теңге бағытталып, 5 276 пәтерлі 81 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.
Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жұмысшы жастар 2 133 пәтерлермен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, жұмысшы жастарға – 1 200 пәтер, халықтың осал топтары мен аз қамтылған көп балалы отбасыларға – 933 пәтер.
Сонымен қатар, «SHYMKENT» ӘКК арқылы 2 229 пәтерлі 44 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.
2020-2021 жылы әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы аналар, толық емес отбасы және мүгедек бала асыраушы отбасыларға «Тұрғын үй сертификаттарын беру» қағидасына сәйкес, 1,0 млн.теңгеге дейін 517 отбасыға қайтарымсыз негізде әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары берілді.
Сонымен қатар, 106 көп қабатты тұрғын үйлердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп үлгенген. Бұл салада да мегаполисіміздің алға ілгерлегенін байқауға болады.

Ия, барлық қалалар үшін АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ жұмыстары өз өзектілігін жойған емес. Бұл салада қаламыз 2020-2021 жылдары 487 балалар ойын және спорт алаңшалары орнатып, оның ішінде 350 балалар ойын алаңшалары, 137 спорт алаңшалары. (14 спорт алаңша демеушілер есебінен) салынған.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК бойынша
қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қаладағы Полиция департаментіне жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде нығайтылуда.
Жол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 100 көше қиылысы және 200 желілік учаскелерінде 1677 Сергек ақпараттық комплекс жүйесі камераларымен қамтылған. Ал, қоғамдық қауіпсіздік аясында 1500 бейнебақылау камера орнатылып қаланы шолу 3 есеге көбейген. Нәтижесінде қылмыс саны екі жылда 23%-ға төмендеп отыр.

Цифрлы ғасырда цифрландыру саласы әрқашан бірінші  орында тұратын салалардың бірі екені баршамызға мәлім. Бұл сала бойынша Шымкентте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылы азаматтардың өмір сүру сапасы мен қызмет көрсету деңгейін арттыру, жүйелі проблемаларды шешу және жайлы тұруды қамтамасыз ету үшін «109» бірыңғай байланыс I-Komek орталығы ашылып жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда, осы орталыққа 188 709 арыз-өтініштер келіп түсіп, оның 186 100 жауап берілген, ал қалған 2 609 өтініш бойынша тиісті мекемелермен жұмыстар атқарылуда.
Соңғы екі жылда Шымкент қаласын сапалы мобильді интернетпен қамту үшін 25 базалық станция орнатылып, 200 мыңға жуық қала тұрғыны интернетпен қамтылған.
Бүгінгі таңда, қаладағы 8 қоғамдық орынға «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылып, қала тұрғындары үшін қызмет жасауда.
2021 жылы қосымша 10 қоғамдық орындарда 30 тегін WI-FI нүктелері орнатылып, цифрландыру саласы ілгерледі.

ӨНЕРКӘСІП өнімінің көлемі 2019 жылы 579,6 млрд.теңге болса, 2020-2021 жылдар аралығында 190,4 млрд.теңгеге артып, 770 млрд.теңгеге дейін жеткен. Тиісінше, ауыл шаруашылығы 12,9 млрд.теңгеге (31,2 млрд.теңгеден 44,1 млрд.теңгеге), инвестиция 265 млрд.теңге (195,0 млрд.теңгеден 460 млрд.теңгеге), құрылыс көлемі 42,4 млрд.теңгеге (87,6 млрд.теңгеден 130 млрд.теңгеге) артқан.
Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.
Қала экономикасына 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 3,6 трлн.теңгеге 328 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашу жоспарланған.
Соңғы екі жылда құны 200 млрд.теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба іске асырылып, 4 500 жаңа жұмыс орындары ашылды (өндіріс, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік нысандар және тұрғын үй). Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 36,8 млрд. теңгеге
9 инвестициялық жоба іске қосылды.
Оның ішінде 2020-2021 жылдар аралығында Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 53,8 млрд. теңгеге
1,6 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарымен 37 жоба іске асырылды.
Қалада 426 га аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары жұмыс істеуде. Соңғы екі жылда құны 230,9 млрд.теңге құрайтын, 910 жұмыс орны құрылған 16 жоба іске асырылды.
225 га аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 14,8 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылып, 550 жұмыс орындары ашылды.
Көліктік-логистикалық аймақта 1 инвестициялық жоба іске асырылды, құны 2,8 млрд. теңге, 50 жұмыс орны («Зерде» ғылыми-өндірістік бірлестік ЖШС).
Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 19,4 млрд.теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылап, 576 жұмыс орындары құрылды.
2020-2021 жылдары ауыл шаруашылығындағы сауармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында 31,3 шақырым каналдардың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа қалада жаңадан 2 индустриалды және 2 агроиндустриалды аймақтарды ашу жұмыстары басталды.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 мыңнан 75,5 мыңға өсті. Жұмыспен қамтылғандар 159 мыңнан 168 мыңға артты.
Соңғы екі жылда бизнесті қолдау мен дамыту шеңберінде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3493 жобаға 12,7 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 162 жобаға 39,8 млрд. теңге қолдау көрсетілді.
Шағын және орта кәсіпкерлерді несиемен қамтамасыз ету мақсатында «Shymkent»-Atameken» Микро қаржы ұйымы» ЖШС-құрылды.
Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын» әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша іс-шарасы аясында 10,0 млн.теңгеге дейін 8,5%-бен кредиттер беру және 7,5% мөлшерлемелерін субсидиялау.
Шымкент қаласында кәсіпкерлік дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспарына сәйкес, 50,0 млн.теңгеге дейін 8,5%-бен кредиттер беру және 6,5% мөлшерлемелерін субсидиялау.

Шымкенттің көлік инфрақұрылымын дамытуға 55,1 млрд.теңге бағытталып құрылыс, қайта құру 36,1 км күрделі жөндеу 30,5 км пайдалануға тапсырылып, 407,3 км жол орташа жөндеуден өткен.
Сонымен қатар, 327,6 км топырақ жолдарға шағал тастар төселіп, 21 км вело жолдар салынып, одан бөлек, 520 аялдамалар жаңартылып, орнатылған.
Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында аса маңызды жобалар Қонаев даңғылы, А-2 автожолын қайта құру, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би — Арғынбеков жол айрықтары құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 56,5%-дан 63,6%-ға жеткен.
Қоғамдық көлікті жаңарту бойынша
Қалада жолаушылар көлігін дамытудың кешендік схемасы бекітіліп, 590 автобустар алынып, қоғамдық көліктердің 90% жаңартылған.
Әлеуметтік мәні бар 64 автобус бағыттары ашылып, тасымалдауды субсидиялауға 18,5 млрд.теңге бөлінген.
Жеке инвестициялар есебінен электрондық төлем жүйесі енгізілген.
Қала тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде жүруіне қолайлы жағдайлар жасау, қолжетімді көлік ретінде 40 дана станциясы бар 160 автоматтандырылған вело прокат орнатылып, қала тұрғындарының қажеттілігіне сәйкес жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, 60 станциясы бар 1000-ға жуық электросамокат орнатылды.
Қала аумағындағы жолаушыларға жағдай жасау үшін 250 қоғамдық көлік аялдамаларын жаңартылды.

Шымкенттің мегаполис ретінде даму қарқындылығы осылайша ерекшеленіп, жаңа жетістіктерге қол жеткізді. Бұл осы нәтижиемен тоқтап қалмай, бұданда жоғары, жақсы нәтижиелерге жұмыс жасауға жол ашары сөзсіз. Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке жүйелі түрде атқарған үздіксіз жұмыстары мен әкімдік қызметкерлерінің, сала мамандарының атқарған тынымысыз тірліктеріне алғыс білдіремін.

«Jsk.kz» ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы, БҰҰ-ның Халықаралық журналисті     Сағындық Жанысбаев

Автор: admin