• 24 июня, 2024 5:22 пп

Шымкент қаласының барлық экономикалық көрсеткіштерде өсу динамикасы байқалды!

Автор:admin

Апр 6, 2023

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көр­сеткіштері таразыланған Үкімет отырысында Шымкент қаласының барлық көрсеткішінде өсім динамикасы бар екені айтылды. Оның ішінде биылдың қаңтар-шілде мерзіміндегі аралықта өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіші – 104,8 пайызға, ауыл шаруашылығы саласы – 103, құрылыс жұмыстары – 114,6, пайдалануға берілген үйлер көлемі – 107,9, сауда саласы – 104,2, көлік саласы – 103, жеке инвестиция тарту көлемі 149,5 пайызға артқаны атап өтілді. Құ­ры­лыс са­ласында Шымкент қаласы үздік бес­тік­тің қатарына еніп, былтырдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 14,6 пайызға өскен. Шымкент қаласының кен өндірісімен байланысты емес салалар бойынша инвестициялық белсенділігі 22,8 пайызға жеткені айтылып, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өндірісі, байланыс және ақпарат, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік салаларында дамудың оң көрсеткіштері қалыптасқан. Ұлттық экономиканы шикізат экспортына тәуелділіктен арылту – стратегиялық маңызға ие міндеттердің бірі. Бұл орайда тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар Шымкентте де өнеркәсіпті өркен­де­тіп, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқа­рылд­ы. Нәтижесінде, өткен ғасырдың тоқ­с­аныншы жылдарында бүкіл өндірісі тоқырап, тоқтап қалған қала бүгінде ішкі нарыққа ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де түрлі тауарлар экспорттайтын деңгейге көтерілді. Мысалы, бүгінде үшінші мегаполисте белсенді жұмыс істейтін 35 экспорттаушы-кәсіпорын бар. Қала әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы 654 млрд 200 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Яғни Шымкенттің жалпыөңірлік ішкі өнімінің 25 пайызын өнеркәсіп саласы құрайды. Сондай-ақ өнеркәсіптің дамығанын шымкенттік кәсіпорындардың былтыр 150 млрд теңгенің шикізаттық емес тауарын экс­портқа шығарғанынан да аңғаруға болады. Қаладағы негізінен мұнай өңдеу, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс матер­иал­­дарының өндірісі және фармацевтика салаларында жұмыс істейтін 35 кә­сіпорын Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Латвия, Ауғанстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдеріне түрлі тауарлар жөнелтеді. Қаланың негізгі экспортталатын тауарларының қатарына мұнай және мұнай өнімдері – 16,1 па­йызды, ұн – 13,4, портландцемент және цемент өнімдері – 11,3, мақта талшығы – 6,6, күнбағыс майы – 5,7, мұнай газдары – 4,6, тоқыма бұйымдары 3,6 пайызды құрайды. Ал ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн долларды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5 млн долларға артқан. Нақты көлем индексі 126 пайыз болып отыр. Өз өнімін еліміздің өзге өңірлеріне ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де шығарып келе жатқан компаниялардың бірі «Шымкентмай» акционерлік қоғамы соңғы онжылдықта жаңарып, жаңғырып жұмысын жетілдіре түскен. Тауар түрі көбейіп, мақта майының қатарына біртін­деп күнбағыс, соя, мақсары және рапс майлары қосылды. Майды физикалық өңдеу арқылы тазартылған май қышқылдарын алып, соның негізінде кірсабын өндірісін жолға қойды. Бүгінде «Шымкентмайдың» құрамында жасанды ағартқыштар мен синтетикалық хош иістендіргіштер жоқ «Хозяйка» және Freshko сауда бел­гі­ле­рімен танылған кірсабындары үлкен сұ­ра­нысқа ие.  «Шымкентмай» компаниясы өткен жылы 32 мың тонна өсімдік майы мен 6 800 тонна кірсабын өндіріп, оның басым бөлігін Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және Түркияға экспорттаған. Жалпы кәсіпорын өз табысының 70,5 па­йызын экспортқа жөнелткен қаражатының есебінен тауып отыр. Өнеркәсіптік компа­ниялар жұмысының жақсаруына «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сының мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша ке­лісімдерге қол қойғаны да септігін тигізуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin