• Вт. Авг 9th, 2022

Шымкент қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде!

Автор:admin

Июн 5, 2022
Spread the love

Шымкент қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары үшін бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. «Аулаларды кешенді абаттан­дыру» бағдарламасы 2021-2023 жылдары жүзеге асырылады. Бағ­дарламаға қатысуға ниеттенген көп­қабатты үй тұрғындары партия мен әкімдік сайтына өтініш қал­дырады. Әрі абаттандыру жұ­мыс­тарына байланысты ұсыныс бере алады. Ауланы абаттандыру жо­басын жасақтауда сол тұрғын­дар­дың ұсыныс-тілегі ескеріледі.  Шымкент қаласы әкімдігінің айтуынша, өткен жылдың қазанынан бастап ақ­параттық хабарламалар жария­ланып, тұрғындардың өтініші жи­налған. Жалпы, 120-ға жуық аула бойынша өтініш түсіпті.

– Өткен жылы облыс әкімі шаһар бойынша кемінде 50 ауланы абаттандыру туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда бағ­дарлама аясында тұрғындардың өтінішін жинадық, олар ауладан не көргісі келетінін көрсетті. Тізімге сәйкес, алғашқы тіркелген 50 шақты аула бойынша смета дайындалды. Мердігерлер анық­талып, жұмыстар басталды. Қазір жоспарланған 51 аула аумағының 12-сі бойынша жұмыстар аяқта­лып, тапсырылды. Бес ауладағы жұмыстар тамыз айында аяқ­та­лады. Абаттандыру жұмыстарында аулаға кіреберіс жолдардың ас­фальтталуына ерекше басымдық берілді. Өйткені тұрғындар тара­пынан кіру-шығу жолдарына қатысты уәж көп түседі. Сондай-ақ бұған дейін әр аулада бөлек-бөлек мердігер мекеме жұмыстар жүргізген болса, биыл барлық ау­­ла­дағы жұмыс бойынша бір мер­дігерден сұраныс болуы қаперге алынды. Осы орайда жаңарту жұ­мыстары көзделген барлық ау­ладағы жол төсемін төсеуді бір ғана мердігер жүргізеді. Барлық ауладағы спорт және ойын алаң­дарын орнатуды бір мердігер ат­қарады.  Сонымен қатар Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында 50 аула абаттандыру жұмыстарынан өтпек.  Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған  орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері  орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты.  Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Jsk ақпарат