• 23 апреля, 2024 12:56 пп

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Июн 5, 2022

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының алдағы қыс маусымына жылу беру жұмысының дайындық есебін қабылдады. Қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді. 2022 жылдың  жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында  79 ақау анықталған. Қазір оның  21-і түзетіліп,  қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі.  Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.  Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына  сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.  Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар.  Жылу маусымына отын қорын жеткізу – өзекті мәселе. Аудан көлемінде әлеуметтік-мәдени маңызы бар 189 нысан бар. Аағымдағы жылы өңірде жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Мәселен, 2019 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен Жақсықылыш кентін «Компания Газ Строй»ЖШС-гі арқылы газдандыру жұмыстары жүргізіліп, газдандыру жұмыстары барысында 57,7 шақырым газ құбыры, 1 газ тарату пункті және 4 шкафты газ тарату пунктері орнатылып, үстіміздегі жылдың шілде айының 10-да пайдалануға берілді. Бұған қоса аталған басқарма арқылы ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы емхана және №19 спорт мектебінің бу қазандықтарын газ отынына қосу жұмыстары жүргізіліп, шілде айында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бюджеттік нысандардың қатты отынға (көмір) қажеттілігі 4,7 мың тонна. Қазірде тасымалдайтын мердігер мекеме анықталуда. Сұйық отынға (диз.топливо) қажеттілігі 655 тонна, бүгінге дейін  8,2 тоннасы тасымалдынды. Қалған сұйық отынға тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin