• 18 мая, 2024 10:01 пп

ШЫМКЕНТ: ІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ   КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Автор:admin

Ноя 7, 2022

Шымкентте “AgriTek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Бүгін көрме аясында өткен конференцияға қала басшысы М. Дүйсенбекұлы арнайы қатысып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты.

Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис — еліміздегі ауыл шаруашылығы үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді. Сөз соңында жемісті еңбек етіп, ауыл шаруашылық саласын өркендету жолында тер төгіп жүрген қатысушыларға табыс тіледі.

— Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді әкім.

Айтып өтейік, көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады. Қазіргі таңда мұнда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді Назарбаев даңғылы 12 “Көрме орталығы” ғимаратында күтеміз. арлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 22,9 млн га құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 343,3 мың га көп. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 16,0 млн га (236,9 мың га көп), оның ішінде бидай – 12,9 млн га (749,9 мың га көп) құрады. Майлы дақылдар 3,1 млн га (197,3 мың га көп), азықтық дақылдар – 3,1 млн га (82,8 мың га-ға аз), мақта – 109,9 мың га (16,0 мың га-ға аз), күріш – 96,8 мың га (7,3 мың га-ға аз), қант қызылшасы – 21,7 мың га (0,9 мың га-ға көп), картоп – 195,8 мың га-ға (1,4 мың га көп) және көкөніс дақылдары – 168,6 мың га (5,0 мың га көп) және бақша дақылдары – 110,0 мың га (8,1 мың га көп) құрады.

Егіс алаңдарын әртараптандыру

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылы республика бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы бойынша (меморандумдар көрсеткіштерінен 831,9 мың га көп) дәнді және дәнді-бұршақты (2,0 млн га көп), майлы (143,0 мың га көп), көкөніс (8,6 мың га көп) және бақша (10,6 мың га көп) дақылдары бойынша егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі меморандумдардың индикативтік көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Картоп бойынша 6,7 мың га және азықтық дақылдар бойынша 1,3 млн га индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ. Бұл ретте бидай алаңы қысқарудың орнына Меморандум көрсеткіштерінен 2,8 млн га асып кетті. Күріш егу алаңы Меморандум көрсеткіштерінен 11,5 мың га асып кетті. Мақтаның ауданы Меморандумның индикативтік көрсеткіштері деңгейінде болды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin