• 25 апреля, 2024 3:14 пп

ШЫМКЕНТ: ГАЗ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖӘНЕ ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ МІНДЕТТЕР САҚТАЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ТИІСТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ

Автор:admin

Ноя 7, 2022

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Батыр Ергешов брифингте айтты. «Қала тұрғындары, өздеріңіз және жақын адамдарыңыздың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіріп, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын тексертуге шақырамыз. Алдағы уақытта газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі міндеттер сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын ескертемін», — деді спикер. Газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін тексерту кезінде, осындай қызметті көрсететін ұйымдардан сапалы қызмет көрсетуді талап ету қажет. Жекелеген жағдайларда қызметті сапасыз көрсету салдарынан адамдардың улану фактісі орын алған. Сонымен бірге осы қызметті сапасыз көрсеткен ұйымдарға ӘҚБтК-тің 299-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық қарастырылған.  Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздікті сақтап, ол бойынша тәуелсіз ұйымдармен келісімшарт жасасаушы және қызмет көрсетуші мекемені таңдай отырып қашықтықтан онлайн түрде «www.I-Shymkent.kz» порталы арқылы тапсырыс беруге болады.  Ол жерде қалада жұмыс жасайтын 13 мекеме бар: «Gas Area» ЖШС, «Зенит-ВДГО» ЖШС, «КазГазАймакСервис» ЖШС, «Омега-21-ВДГО» ЖШС, «Орион-Р» ЖШС, «Орынбасар – Султан» ЖШС, «РЦКУ-Шымкент» ЖШС, «Т.О.Б.» ЖШС, «Центр Суан» ЖШС, «M Energy Group» ЖШС, «Kind Estate» ЖШС, «Miras Holding» ЖШС, «Mi Gas Service» ЖШС.  Газ таратушы немесе аттестатталған тәуелсіз ұйымдар сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына немесе прокуратура органдарына шағымдануға болады. Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс. Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

Jsk ақпарат

Автор: admin