• 17 апреля, 2024 7:57 пп

Шымкент экономикасына инвестициялық жобаларды тарту шаралары жүзеге асырылуда!

Автор:admin

Апр 6, 2023

Шымкенттегі «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары өндіріс орындарына жүз пайыз толғанын айтады. Ендігі кезекті қала экономикасының әлеуетін барынша арттыру мақсатында тағы 4 индустриалды аймақ ашу жоспарланып отыр. Оның бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорын ашылады деп күтілуде. Аймаққа инвесторлардың қызығушылығы жоғары. Бүгінде 100 млрд теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл 10 жобаның құрылысы басталады. Ал ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында құны 23 млрд теңге болатын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Аума­ғы 136 гектар заманауи өнеркәсіптік жылы­жай кешенінде 30 млрд теңгеге 2 мың жұ­мыс орнымен 20 жоба іске асады. Шым­­кент қаласында ашылатын төртінші – «Стандарт» индустриалды аймағында шағын және орта бизнес субъектілері шо­ғыр­ланады деп жоспарланған. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады. Аймақта 180 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, инвестициялық жобаларға ерекше мән беріп келеді. Бұл орайда қала әкімі тиісті мекеме басшыларына индустриалды аймақ­тарда қолға алынған жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мәселелерін шешуде мемлекеттік қолдаулар көрсетілуін тапсырды. Апта сайын өткізілетін инвестштабта берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақыланады. Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы  жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр. Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Jsk аөпарат

Автор: admin