• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАДЫ 

Автор:admin

Авг 8, 2022

Шымкент қаласының тұрғыны  Айгерім Ережепова көпбалалы ана. Жасы 32-де. Мамандығы — дизайнер. 6 жылдан бері тігіншілікпен айналысып келеді.  2022 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығының Instagram парақшасынан сәуір айында мемлекеттік грантқа құжат қабылдаудың басталатындығы туралы хабарландыруға көзі түскен ол тұрғылықты мекенжайы бойынша көпбалалы санатымен тиісті құжаттарын өткізеді. Уақыты келгенде арнайы комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғап, оған грант (400 АЕК) тағайындалған.  Алған қаражатына заманауи үлгідегі цифрлы тігін машинасын, ноутбук және т.б. қажетті құрал-жабдықтарды сатып алады.  Қазіргі таңда кәсіп иесі тапсырыспен түрлі бұйымдарды тігуде. Тіпті instagram-нан парақшасын да ашқан.

— Адам алдына қойған мақсатына жету үшін әрекет етуі керек. Еңбектенуі тиіс. Сонда ғана қандай да бір жетістікке қол жеткізе алады. Көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға мемлекеттің қолдауы көп. Соның бірі — мемлекеттік грант. Жеке, шағын кәсібін бастауға зор мүмкіндік. Сондай мүмкіндік маған да туды, — дейді Айгерім Ережепова. Кәсіпкерлік – бизнес құру ғана емес. Бұл – оның маңызды қыры болса да, толық көрінісі емес. Ол – кәсіпкерлерге әсер ететін арнайы көзқарасты біріктіретін мүмкіндіктерді іздеу сипаттамалары, қауіпсіздіктен тыс тәуекелдерді қабылдау және идеяны өмірде ілгерілету үшін табанды болу. Келесі дәрістерде кәсіпкерлік ойлау жүйесі жеке адамдар мен корпорацияның дамуына септігін тигізетінін көрсетеміз. «Кәсіпкерлік ойлау жүйесі» термині «әлемге инновациялық көзқараспен қарау» деген таным мен ұстанымды айқындайды. Бұл әр адамның кәсіпкерлік әлеуетін қалыптастырады. Ойлау жүйесі креатив идеяларды табу мақсатында ұйымдардың ішінде немесе сыртында, коммерциялық немесе коммерциялық емес кәсіпорындарда, бизнесте немесе бизнестік емес әрекеттерде көрінеді. Осылайша кәсіпкерлік – жеке тұлғаның бизнесін инновациялық мәнермен дамытатын кешенді тұжырымдама. Әр деңгейде және әр елде бизнесті жүзеге асыру жолдарын революцияландырған – осы ойлау жүйесі. Әлем кәсіпкерлік пен инновацияны қолға алғаны анық және бизнесті жүргізу жолдарына көзқарас ешқашан бірдей болмайтыны да түсінікті. Сонымен, кәсіпкерлік революция экономикалық мағынада етек жайып, кәсіпкерлік ойлау жүйесі басым күшке айналды.

Jsk ақпарат