• 3 декабря, 2024 2:15 пп

ШЫМКЕНТ: ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Май 6, 2022

 

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында бүгінгі таңда қоғамда кеңінен талқыланып отырған үлкен саяси оқиға – Президентіміздің Референдум өткізу туралы бастамасы талқыланды.

Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл — уақыт талабы. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болады. Соңғы Жолдауда Президент тың саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытқаны баршамызға аян. Ал ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум аса қажет.

Жиын барысында «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» Президенті Ж.Білісбеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушысы, ф.ғ.к., доцент С.Мәжінбеков, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал доценты, С.Рысбаева және айтыскер-ақын, «Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Б.Байтуов сөз алып, еліміздегі маңызды оқиға жайлы пікір білдірді.

Зиялы қауым өкілдері алдағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарда белсенділік танытатындарын алға тартып, Мемлекет Басшысының бастамаларын бірауыздан қолдады.

Автор: admin