• 26 апреля, 2024 10:11 дп

МӘМС: ЭКСТРАКОРПОРАЛДЫҚ ҰРЫҚТАНДЫРУ ПРОЦЕДУРАСЫНА ҰСЫНЫС АРТТЫ

Автор:admin

Май 3, 2022

Жоғары технологиялық медициналық қызметке жататын экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасыМӘМС шеңберінде жасалу тәртібіне қатысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

-Асхат Асанұлы, экстракорпоралдық  ұрықтандыру процедурасына МӘМСшеңберінде жасалып жатқан мүмкіндіктердібілгіміз келеді?

— Экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасы жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жатады және қымбат. Аталмыш қызмет бұған дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілді. Жылына шамамен 900–1000 квота ғана бөлінді. Ал, 2021 жылдан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота санын 7 есеге арттыруға мүмкіндік берілді. Процедура МӘМС қызметтер тізбесіне кіреді, сондықтан сақтандырылған пациенттер ақысыз өтеді.

Биылғы жылы медициналық сақтандыру қоры 7 000 ЭКҰ циклын 6,68 млрд теңгені бөлуді көздеп отыр.

Жыл басынан бері 824,6 млн теңгеге экстракорпоралдық ұрықтандыруға 835 рәсімі жасалды. Өткен жылдарға қарағанда қызметке сұраныс көлемі біршама артты.

Жалпы, аталмыш қызметті еліміздің 9 өңірінен 19 медициналық ұйым көрсетеді. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өзі таңдайды. Медициналық ұйымдардың тізімін Қордың fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін» бөлімі, әрі қарай «Емхананы таңдау» батырмасын басу арқылы көруге болады.

Экстракорпоралдық  ұрықтандыру  процедурасын алу тәртібіне тоқталсақ…

Процедураның негізгі көрсеткіші-терапевтік түзету мүмкін емес бедеулік. Бұл қызметті ерлі-зайыптылар, ресми некеде тұрмайтындың өзара ерікті жазбаша келісімі арқылы ЭКҰ өтініш беруіне болады.

ЭКҰ рәсімінен ел азаматтары және Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес санаттардың өтуіне болады.

репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін);

қалыпты соматикалық күй;

қалыпты эндокриндік күй;

қанағаттанарлық овариалдық резерв.

Қандай жағдайда ЭКҰ-дан бас тартуға болады?

Науқасқа экстракорпоралдық ұрықтандыруданбас тарту бірнеше жағдайда болуы мүмкін:

жүктіліктің басталуы нәтижелілігінің төмендеуфакторлары (имплантацияға және жүктіліктіңдамуына кедергі келтіретін ішкі жынысмүшелерінің даму аномалиясы, гидро(сақтосальпингстер), жатыр қуысының синехиясы, эндометриоз, аналық бездердің кисталары, обтурациялық емес азооспермия);

жатырдың туа біткен немесе жүре пайдаболған ауытқулары;

соматикалық және психикалық бұзылулар;

аналық без ісіктері;

жедел қабыну аурулары;

кез келген локализация онкологиясы.

ЭКҰ-дан өту үшін белгіленген қандай тәртібі бар?

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін бекітілген жері бойынша емханаға жүгінеді. Пациентті тіркеу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары бедеуліктен зардап шегетін адамдарды диспансерлік науқастардың (бұдан әріДНЭТ) электрондық тіркеліміне енгізеді. Он екі ай ішінде бедеуліктің себептерін зерттеп-қарағаннан және анықтағаннан кейін бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің тіркелген жеріндегі денсаулық сақтау ұйымдары МӘМС жүйесінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар (ҚРТ)жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссиясына (ЖТМҚ комиссиясы) жолдайды.

МӘМС жүйесінде орындалған ҚРТ емшаралары туралы деректерді ҚРТ бедеулікті емдеуде қолдануға көмек көрсететін медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.

ҚРТ пайдалана отырып, медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымды таңдауды пациент жүзеге асырады. Оң шешім қабылданған жағдайда ЖТМҚ комиссиясы емдеуге жатқызуға жолдаманы пациенттің құжаттар пакетін қоса бере отырып, емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді.

Ескеретін жайт, жылына бір рет МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтар болса, онда тіркелген емханадағы пациенттерді қолдау қызметінен білуге болады. Мәселе  шешімін таппаса, онда Қордың fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.

Сонымен қатар, аталмыш кері байланыс арналары арқылы жүйедегі мәртебені тексеруге болады. Ал, медициналық сақтандыру жүйесінде жүргізілген төлемдер туралы egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

-Сұхбатыңызға рахмет.

Автор: admin