• 2 ноября, 2024 2:01 пп

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА НАҚТЫ ІСТЕР!

Автор:admin

Авг 4, 2022

Шырайлы шаһарда атқарылып жатқан оңды істер өте көп. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы нақты істерді атқаратын кезеңдер өз нәтижиесін береді. Шымкент қала халқының атқару жұмыстары бойынша мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін бермек. Осыған орай қала әкіміне 1-жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова есеп берді.  2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары  бойынша биылғы жылы 57 696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның 35 276 орны– тұрақты, 18 128 орны – уақытша жұмыс орындары. Бүгінге күнге, яғни 6 айда 30 481 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр, яғни жоспар 52,8% орындалды. Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 20 759 орын тұрақты жұмыс 8 449 орын уақытша жұмыс орындары белгіленіп отыр. Жыл басынан бері 13 363 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.  Жалпы, Шымкент қаласы республикалық көрсеткіштер бойынша азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында алдыңғы қатарында. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар артығымен 136,7% орындалып отыр. Сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 227 адам жолдау жоспарланса, нақты 227 (88,2%) адам жолданды. Қоғамдық жұмыс 2188 адамға жоспарланған болса, нақты 2177 адам жұмысқа орналасты. «Жастар практикасы» бағдарламасына биылғы жылы 2098 жасты жолдау жоспарланып, бүгінде 1063 адам жұмысқа орналасты. ҚР Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы меморандум аясында құрылатын жұмыс орындарына 14 517 тұрақты жұмыс орын құру белгіленіп,бүгінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 12 488 тұрақты жұмыс орыны құрылды, яғни жоспар 86%-ға орындалды. Жиынды қорытындылаған қала әкімі М.Әйтенов бірқатар тапсырмалар берді:

— азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылу үлесін арттыруды;

— мемлекет қамқорындағы балалардың білім алуы мен жұмысқа орналасуын бақылауға алуды;

— аялдамалардың, қоғамдық орындардың пандустарын реттеп, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға аса көңіл бөлуді;

— тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыру, олардың қызмет көрсету сапасын арттыруды қолға алуды жүктеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin