• Чт. Дек 1st, 2022

ШЫМКЕНТ:  «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ»  БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ 91 890 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛДІ

Автор:admin

Июл 9, 2022

ХХІ ғасырдың жоғары сапалы және сұранысқа ие дағдылары бар адами капиталды дамыту Қазақстан экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ететін басым міндет болып табылады. Қазақстан адами даму индексі жоғары ел болып табылады – 188 елдің арасында 56-орын. Біз әлемнің демографиялық серпіні оң аз ғана елдердің біріміз. Біз экономикалық айналымға қолжетімді адами ресурстарды тарта отырып, дағдарыстан сәтті өттік. Сонымен бірге, бүгінгі таңда халықтың 11% ғана білім экономикасы саласында жұмыс істейді. 5-7 жылдан кейін экономикаға 20-25% «ақылды» жұмыс орындары мен мамандар қажет болады. Бұл бізге қойылатын талап. Таяу он жыл перспективасында кадрлардың біліктілігі мен құзыретілігінің жеткіліксіздігі өсу үшін айтарлықтай кедергі бола алады. Осы реформа шеңберінде біз экономика мен мемлекеттің жақсы даярланған кадрларда ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін қамтамасыз етуіміз тиіс. Аса қағидатты мәселе: білім беру жүйесінің жаңа экономиканың қажеттіліктерімен байланысы.Осы орайда  брифинг барысында халықты жұмыспен қамту  орталығының директоры  Шағдат Әсетұлы  Шымқаламыздың жастарын «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында  жұмысқа жолдама алуға шақырды. «Өздеріңізге белгілі, «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды бағдарлама. Еліміз бойынша, оның ішінде Шымкентте аталған бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан жастар өте көп. Мысалы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған болса, олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан»-деді спикер.  Спикердің сөзінше, ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-нан астам жас жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, тиісті жұмыс орындарына жолдама алған. Қазіргі таңда олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.  Айта кету керек, «Жастар практикасы» —  уақытша жұмыс орны есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.  Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы  көтеріліп 91 890 тг.құрап отыр (30 АЕК). Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын).

 

Jsk ақпарат