• Вт. Авг 9th, 2022

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСҚАН ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ.

Автор:admin

Июл 7, 2022
Spread the love

Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы — жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы — барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.  Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке — бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Осы орайда Шымкент қаласында  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 маусымдағы №306 қаулысына сәйкес, 30.06.2022 жылы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезең бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілген болатын. Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасылардың құжаттары ұсынылған болатын.  Нәтижесінде 31 отбасының құжаттарын қарап, оның ішіндегі 15 отбасы тиісті  құжаттарын толық ұсынбауына байланысты қараусыз қалдырды.

Ал қалған 16 отбасылардың құжаттары жоғарыда аталған қағидаға сәйкес бағаланып, жеңімпаз ретінде 4 отбасы қалалық деңгейде өтетін екінші кезеңге жолама алды.

Олар:

—           Байбосновтар отбасы;

—           Теңізбаевтар отбасы;

—           Бақтыбаевтар отбасы;

—           Шукуровтар отбасы;

Бүгінгі осы аудандық деңгейде өткізілген «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық 16 отбасыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, сый құрмет көрсетілді.

 

Jsk ақпарат