• 13 октября, 2024 10:36 дп

ШЫМКЕНТ: ЕТ ӨНІМДЕРІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ ІС

Автор:admin

Авг 8, 2022

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңа құжаттарды енгізуді және қолданыстағы құжаттардың қайта жүктелуін ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының қазіргі заман ахуалында және әлемдік дамудың қалыптасқан үрдісімен үйлесе отырып іске асырылуын қамтамасыз ететін үш деңгейлі иерархиялық жүйені сақтап қалды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, бұған дейін де бірнеше рет айтылғандай, мемлекет дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын елдің негізгі құжаты (немесе жоғары деңгейдегі құжат) болып қала береді.

«Оны іске асыру үшін анағұрлым қысқа мерзім аралығындағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайтын Ұлттық даму жоспары енгізілді. Оның нақты басымдықтары болуы үшін Президенттің жалпыұлттық басымдықтарды білдіретін тиісті Жарлығы қабылданды. Осы орайда Шымкентте 2022 жылдың I-жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 114,4 млн. АҚШ долларын құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі  2,3 млрд. теңгені құрады. Тек тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 есеге өсті. Бұл туралы қала әкіміне есеп беру кезінде ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Жанбатыров баяндады.  Биылғы жылы 30 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егілді. 6 айда 40,7 мың тонна өнім жиналды, жыл соңына дейін 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда.  Ал, мал шаруашылығында ірі қара мал саны 79,7 мың басты,  қой мен ешкі саны 71,8 мың басты, жылқы – 14,4 мың басты, құс 977,6 мың басты құрады. 6 айда қалада 5,3 мың тонна тауық еті, 27,1 мың тонна сүт, 69,1 млн дана жұмыртқа өндірілді. Салада құны 11 млрд. теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба іске асады. Атап айтсақ: қайта өңдеу 3 жоба, өндірістік жылыжай кешені 4 жоба, сақтау қоймасы 2 жоба, тауарлы сүт фермасы 2 жоба, құс шаруашылығы 3 жоба. Нәтижесінде жаңадан 274 жұмыс орны ашылып, қалада көкөніс өндіру көлемі – 2 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8,5 мың тоннаға,  жеміс-көкөністерді сақтау 13 мың тоннаға, жұмыртқаның саны – 125 млн.дана,  сүтті қайта өңдеу саласы – 2,7 мың тоннаға, құс етін өндіру – 5 мың тоннаға ұлғаяды және жеміс/көкөністерді қайта өңдеу – 6 млн. банка консервілейді.  Қала әкімі М.Әйтенов жиын қорытындысында — азық-түлік бағасына үнемі бақылауда ұстап, ет өнімдерін арттыруға бағытталған  шаруашылықтардың өнімдерін делдалсыз саудалау үлесін арттыруды тапсырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin