• 15 октября, 2024 7:28 дп

ШЫМКЕНТ: ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАУДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ МАҢЫЗДЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ

Автор:admin

Авг 9, 2022

Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері маңызды рөл атқаруы тиіс. Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында шаһардағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездескен  ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов  осылай деді. Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетіп отыр. Соңғы кездері бірлік сөзін жиі айтып жүрміз. Елдің барлығы бізге бірлік керек деп жатады. Ел болған соң, бірлік бізге ауадай қажет. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөз соның айғағы іспеттес. Қазақстан – бұл ортақ жер, бір­тұтас халық және ортақ келешек.  Ассамблея – еліміздегі бірлік пен ке­лісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұ­рақтылықтың құтты шаңырағы. Ұлтаралық татулық пен келісім көктен түскен бірдеңе емес. Ол мемлекет пен баршамыздың күнделікті саясатымыз бен практикамыздың нәтижесі. Ұлтаралық татулық пен келісім – қазақстандық ұлттық идеяның бас­ты өзегі. Ұлттар арасындағы сенім мен бірлік – әділ әлемдік тәртіптің негізі. Татулық пен келісім – еліміздің табысты дамуының базалық факторы. Марат Алмасұлы Шымкент қалалық «Достық үйі» ғимаратында қалалық этномәдени бірлестіктерімен, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстарды белгілеп, өзекті мәселелерді талқыға салды. Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ассамблея төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.  Жиында қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Р.Пактың, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асановтың және татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедованың хабарламалары тыңдалып, Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері талқыланды.  Айта кету керек, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы  жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Jsk ақпарат

Автор: admin