• 12 ноября, 2024 3:55 дп

ШЫМКЕНТ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ  – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Автор:admin

Окт 10, 2022

Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейде ҚР Президентінің Жолдауы аясында білім саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті.  «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мұхтар Ақбердиев, мектеп мұғалімдері Жолдауды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, білім саласына жүктелген міндеттер бойынша өзара пікір алмасты.  М.Ақбердиев Президент Жолдауындағы білім саласын ілгерілету, адам капиталын дамытудағы басым бағыттарға жан-жақты тоқталды. Еңбекші ауданында бұл бағытта барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылуда.

– Жолдау аясындағы тапсырмаларды орындау бойынша ауданда бастауыш партия ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп мұғалімдері белсенділік танытып келеді. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет ауқымды. Алдағы уақытта партия мүшелерімен бірлесіп, жұмыстар атқарамыз, – деді М.Ақбердиев.  Мектеп директоры А.Сарымсақова білім саласына қатысты нақты тапсырмаларды бірлесе орындау қажеттігін айтты. Тарих пәнінің мұғалімдері Л.Мырзақұлова, И.Бақтыбаев білімді ұрпақты тәрбиелеу бойынша баяндама жасады. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептердегі бастауыш партия ұйымдары, медициналық мекемелерде  кездесулер одан әрі жалғасын табады. Тәуелсіздік сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз үшін асыл мұратқа айналды. Сол мұратқа қол жеткізген біздің ұрпаққа одан асқан байлық жоқ, оған теңдес тірек жоқ. «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жас­тар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сон­дықтан Мемлекет басшысы «Тәуелсіз­дік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы мәселеге айрықша тоқталған. «Өскелең ұрпақтың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда, Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын. Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасай­мыз» деген-ді Мемлекет басшысы. Рас, еліміз егемендіктің елең-алаң ша­ғынан бастап жастар саясатын мемлекеттің басым бағыты ретінде белгілеген. Президентіміздің тұрақты қамқор­лығының арқасында жастардың дамуы мен әлеуетін жүзеге асыруына берік негіз қа­ланды. Қазір Қазақстанда 14 пен 29 жас ара­лығындағы 3,7 млн адам өмір сүреді, бұл халықтың 20 пайызына пара-пар. Ал 35 жасқа дейінгі азаматтар саны 6,1 млн не­месе 32,5 пайыз шығады.

Jsk ақпарат

Автор: admin