• 19 июня, 2024 10:07 дп

Шымкент: «Бозарық» тамақ өнеркәсбі аймағы құрылуы мүмкін

Автор:admin

Май 14, 2023

Шымкент қаласының «Қайнар бұлақ» тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жалпы алаңы 178 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда екен. «Бүгінде индустриалды аймақта жүзеге асатын құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның өтінімдері қабылданды. Яғни, биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда»,-деді қала басшысы. Айта кетейік, бүгінде қалада «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақ пен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жемісті жұмыс істеп келеді. Оларда жалпы инвестициялық құны 100,2 млрд. теңгені құрайтын 102 жоба жүзеге асырылған. Бұдан бөлек, Шымкентте жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылуда. Жаңа аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі саласындағы жобалар іске асырылады. Сондай-ақ, жалпы алаңы 136 га құрайтын «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары басталды. Аталған агро-индустриалды аймақта өнеркәсіптік жылыжайлар мен ауыл шаруашылық саласындағы жобалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда, құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылуы болжамдануда. Өндірістің нақты процесін жүзеге асыру үшін табиғиутехноло-гиялық, ақпараттық және өзге де шарттар қажет. Осы шарттар-дың ішінен қүқықтық алғышарттар ерекше орын алады. Ең алды-мен иемденудің нақты процесіне кірісер алдында оған қатысушылардың қажетті өкілеттіктер мөлшері болуы тиіе. Институционалдық емес теорияда осыған назар аударылады. Алайда осы өкілеттіктердің маңыздылығы бойынша қүрылымы да, сонымен бірге үдайы өндіріс процееі де, яғни қүқықтық алғышарттардың қүры-лымы мен динамикасы қарастырылмайды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin