• 11 мая, 2024 3:28 дп

Шымкент қаласының экономикасын өрге сүйрейтін – индустриалды аймақтар!

Автор:admin

Май 14, 2023

Қазақстанның үлттық экономикасы қайта қүрудың екінші ке-зеңінде өтпелі экономика мен үлттық үлгіні қалыптастырудың міндеттерін шешумен қатар бір жағынан, нарықтық реформалар-ды одан әрі тереңдетуге, екінші жағынан, экономикалық өсу мен қоғамның әлеуметтік түрақтылығына тікелей бағдарланған өзгеріс-терді жүзеге асыруға тиіс болды. Бүл үшін қайта қүрудың барлық элементтерін дамытып (ырықтандыру, қүрылымды және мекеме-лерді реформалау, халық шаруашылығының қүрылымын өзгер-ту), бірінші кезеңдегі келеңсіздіктерді жою қажет болды. Екінші кезеңде энергия тасымалдағыштардың бағасының үдайы және жылдам өсуіне байланысты қайта қүру процесі ре-сурстармен қамтамасыз етілді, екінші жағынан, Қазақстан эконо-микасына қыруар ақша массасының түсуінің салдарын тегіетеуге бағытталған макроэкономикалық саясаттың айрықша шараларын қолдануды талап етті. Осы кезеңде мүнай нарығында қалыптасқан қолайлы жағдаят-тың арқасында Үлттық қорда қомақты қаражат жинақталып, алтын-валюта резервтері де көбейді. Соынмен қатар қалалардың экономикалық жағдайы әрдайым Президент назарынан тыс қалған емес. Оңтүстіктегі ең үлкен қалалардың бір ол біздің Шымкент қаламыз. Шаһарда атқарылып жатқан сала бойынша мәселелер аз емес. Соның бірі инвестиция тарту мен экономиканы ілгерлету. Бұл мақсатта индустриалды аймақтар қала экономикасының дамуына зор үлес қосып жатыр. Олар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер десек те артық айтқандық емес. Себебі, өндірістік аймақтарда дайын өнімдер өндіріліп, сол шығарылған тауардан түскен пайданың бір бөлігі шаһар бюджетіне салық ретінде түседі. Нақты айтар болсақ, Шымкенттегі қос индустриалды аймақтың территориясы 427 гектарды құрайды. Оған 90 миллиард 100 миллион теңге инвестиция құйылған. Нәтижесінде индустриялық аймақтар құрылғалы онда орналасқан кәсіпорындар 260 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, оның 110,9 млрд. теңгелік өнімін шетелдерге экспорттаған. Индустриалық аймақ қатысушылары 5 500 адамды жұмыспен қамтып, мемлекеттік бюджетке 19,5 млрд. теңге салық төлеген.  Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табуда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin