• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТ: АЙНАТАС ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Автор:admin

Сен 1, 2022

Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынады.

Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.

Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан — 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Елдің көлік күре жолдарын күшейтпей экономиканы дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдары Қазақстанда әуе, теңіз салаларымен қатар, авто және теміржол қатынастарында да барлық бағыттар бойынша ірі халықаралық жобалар жүзеге асырылуда. Оның барлығы нәтижесінде бір мақсатты – Ұлы Жібек жолын жандандыруды көздейді.

«Соңғы 11 жылда автожол саласын дамытуға 1 263,1 млрд теңге бөлінді. Осы жылдар ішінде жалпы қолданыстағы 48 мыңнан астам шақырым жол, сондай-ақ 1 100 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өткізілді. Қазіргі уақытта біз Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистарльдік көлік дәлізін жасай отырып, «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».

Естеріңізге сала кетейік, Санкт-Петербор – Мәскеу – Нижний Новгород –Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Үрімші – Ланьчжоу – Чжэнчжоу – Ляньюньган бағыты бойынша дәліздің жалпы ұзындығы 8 445 шақырымды құрайды. Оның көп бөлігі (3425 шақырым) Қытайдың территориясымен, 2787 шақырым – біздің еліміздің территориясымен және 2233 шақырым – Ресей Федерациясының территориясымен өтеді.

Қазақстан бойынша дәліз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының территориясымен өтеді.

Әзірге бұл автодәліз салынып жатыр, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жүктерді Транссібір арқылы автожол көлігінің көмегімен, теңіз жүктері Суэцк арнасы арқылы тасымалданады. Егер теңіз дәлізін пайдалану кезінде жолда жүру уақыты 45 тәулікке дейін жетеді, ал «Транссібір» бойынша 14 тәулік, ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойынша Ляньюньган портынан Еуропалық мемлекеттердің шекарасына дейін жолда жүру уақыты шамамен 10 тәулікті құрайды. Жоба Қытай – Қазақстан, Қытай – Орталық Азия, Қытай – Қазақстан – Ресей – Батыс Еуропа үш негізгі бағыт бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Jsk ақпарат