• Пн. Дек 5th, 2022

ШЫМКЕНТТЕ 7 ОРЫНДА КӨМІР САТЫЛУДА

Автор:admin

Окт 4, 2022

Бүгінгі таңда еліміздегі электр энергиясының 70 пайызы, коксхимиясы өндірісінің 100 пайызы, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға деген сұранысы толығымен көмір саласына тәуелді. Осы салада жұмыс істеп жатқан адам саны 35 мыңға жететін көрінеді. Жалпы, көмір қоры бо­йынша әлемде үздік ондыққа кіретін еліміздегі 49 кен орнында шамамен 33,9 млрд тонна көмір қоры бар. Оның 90 пайызы елдің солтүстік-шығысы мен орталық өңірлерінде. 1991 жылдан бері Қазақстанда 2,6 млрд тонна көмір өндірілсе, соның шамамен 0,8 млрд тоннасы шетелге экспортталған. Тек 2018 жылдың өзінде өндіруші компаниялар көмір концентратын есептемегенде 113,7 млн тонна көмір өндірген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артық. Жуырда Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрлігінің қолдауымен Респуб­ли­калық тау-кен өн­ді­руші және тау-кен ме­тал­лургия кәсіпорындары қа­уым­дастығы (ТМКҚ) ұйым­дас­тыр­ған «Технологиялық жаң­ғыр­ту жағдайындағы көмір өнер­кәсібінің жаңа мүмкін­дік­тері» атты форум өтіп, отандық жә­не шетелдік сарапшылар, кәсіпкер мен мемлекет­тік орган өкілдері Қазақстан­ның көмір саласының бо­лашағы туралы пікір алмасқан болатын. Осыған байланысты қазіргі таңда Шымкент қаласында көмірге қажеттілік 66 мың тоннаны құрауда. Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды қаламыздан келіп алуын ескерген жөн. Осы кезге дейін шаһарға 116,1 мың тонна көмір тасымалданды. Қоймаларда 25 мың тонна көмір бар. 1 тонна көмірдің бағасы 14 750 — 15 100 теңге аралығында сатылымда екенін хабарлаймыз! Құрметті қала халқы!  Қыс — қыр астында. Қыркүйек айының соңы да таяп қалды. Осы сәттен бастап, жылыту маусымына қамданыңыздар. Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалуыңыз бек мүмкін. Мұндай жағдай орын алмауы үшін осы сәттен бастап тұрғындарды көмір алуға шақырамыз.

Шымкенттіктер биыл көмірді 7 жерден сатып ала алады.

  1. ЖК «Пернебаев» — Қызылсай темір жол станциясы
  2. ЖК «Құралбаев» — Қызылсай темір жол станциясы
  3. «Азамат Мұнай» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі,  номерсіз
  4. ЖК «AVZ-NRADE» — Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650
  5. ЖК «Arganat» — Клара-Цеткина көшесі, 159
  6. «VIP-M» ЖШС — Қойкелді батыр көшесі,  номерсіз
  7. ЖК «Қошжанов» — Момынов көшесі, 26

Байланыс нөмірлері:

54-96-54

8775 833 31 38        (Әл-Фараби ауданы)

53-03-20

87071638292               (Абай ауданы)

43-31-09

8702 670 33 00           (Еңбекші ауданы)

77-46-18

8771 828 40 74              (Қаратау ауданы)

 

Jsk ақпарат