• 12 ноября, 2024 2:28 дп

ШЫМКЕНТТЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Авг 8, 2022

Еститін мемлекет құрамыз» дегенде құрақ ұшып қуанғандар көп болды. «Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа саяси бағыт ұсынды» деп жүрген сарапшылар сөз сөйлеген. «Бұған дейін елде болмаған дүниелерге куә болдық», деп жатты. Бірақ тоқмейілсуге болмайды. Мемлекет басшысы да мұны жиі айтады. Бұқараның да базынасы бар емес пе?! Тұрмыстың тіктелгенін, жағдайдың жақсарғанын қалайды жұрт. Бастысы – елде тыныштық болсын деп отыр. Татулық барда тұрақтылық боларын жақсы біледі. Ал тұрақты елдің дамудың даңғыл жолына түсетіні тағы бар. Отыз жылдық межеге жеттік. Оны да бір белес деп ұққандар бар. Бірлігі бекем болған ел алдағы асудан да өтеді. Қоғамдық даму үдерісінде жоғарыдан басқару жүйесіндегі талапшылдық төрешілдікпен алмасып, адам құқын аяқасты еткен астамшылық сипат алғанда ол билік пен бұқараның арасын алшақтатып жіберетініне тарихтың сан сынында көз жетіп келеді. Бұл орайда халық үніне құлақ асатын мемлекеттің негізін қалыптастыру қа­ғидалары бойынша күн сайын жаңа тіректі бағдарламалар жүйесі әзірленіп, барлық сала жұмысына тың серпін берді.
Қаңтар оқиғасы бүгінге дейін қор­даланған проблемалармен қатар қо­ғамдағы хаостың орнын олқылық атаулыны ортақ шешуге мүдделілікке бағыттайтын түсіністікпен бекемдей алуы тиіс биліктің жауапкершілігін бірінші орынға қойып отыр. Ел ішіндегі жағдайды естіп-біліп, електен өткізіп, өз дәрежесінде жұмысты үйлестіретін әкімдерге әлеуметтің талабы осы. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті тамыз айындағы бірыңғай қабылдауын өткізді. Қабылдауға 250-ден аса азамат келген болса, соның 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірсе, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.  «Түркістан» сарайында өткен біріңғай қабылдауда шахар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады. Жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетінін айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді.  Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер енгізу, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де болды. М.Әйтенов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin