• 18 мая, 2024 11:49 пп

Шымкентте өңдеу өнеркәсібі 100 % асты

Автор:admin

Май 13, 2023

Шымкентте осы жылs өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр, деп хабарлайды Jsk.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңдеу өнеркәсібі саласында жиһаз, химия өнеркәсібі, электр жабдығы, дайын металл, киім-кешек, сусындар, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары мен мұнай өңдеу өнімдерінің нақты көрсеткіш индексі 100 пайыздан асады.  Өнім көлемі артқан саланың бірі – химия өнеркәсібі. Бұл сала өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 58,8 пайызға артқан. Кәсіпорындарда жыл басынан бері 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 158,8% құраған. Мұндай өнімдерге сабын, әртүрлі жуу құралдары, спирт тыңайтқыш, бояу және көміртегі диоксиді кіреді.  Сабын өндіруде қалада көш бастап тұрған «Шымкентмай» АҚ қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында жүзеге асырып отыр. Кәсіпорынның негізі майды қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Дәстүрлі кір сабыннан бөлек, құрамында кокос майы бар сабын да шығарады. Өтпелі экономиканы қайта қүру процесінде жаңа экономика-лық жүйенің, үлттық экономика үлгісінің нышандары мен негізгі белгілері байқалып, күшіне ене бастады. Өтпелі экономикадағы қайта қүрудың нарық жүйесін қалыптастыру мен халық шаруашы-лығының құрылымын қайта қүру сияқты екі негізгі бағытты жеке атап өткен орынды.

Реформалаудың алғашқы сатысында ең алдымен нарық жүйе-сінің немесе нарықтық экономиканың негіздерін қүру мақсаты қойылды. Ал басқа қайта қүрулар, яғни экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа түрін қүру, кәсіпкерлікті қалыптастыру және тіпті ашық экономиканы қалыптастырудың өзі де — экономиканың на-рықтық негізінің қүрылу шамасына орай дами алады.

Осы мәселе өтпелі экономикада қазіргі бар нарықтық экономи-каның нысанын жетілдіруге емес нарық жүйесін қайта қүруға ерекше назар аударылатынына байланысты туындап отыр. Бүл тарихта бұрын болмаған ерекше тарихи мәселе. Тарихта алғаш-қы рет нарықтық механизмдер экономиканың бүрынғы нарықтық емес қүрылымының негізінде ғана емес басқа мемлекеттердің дамыған нарықтық шаруашылықтарымен түрақты ықпалдасу жағдайында қүрылады. Бір жағынан, бүл нарықтық экономиканы қүруды жеңілдетеді, ал екінші жағынан — басқа мемлекеттердің өтпелі экономикаларында өзінің, нарықтық, тиімділік өлшемдері бар болуына байланысты осы процесті күрделендіреді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin