• 3 декабря, 2024 6:06 пп

Шымкентте Қонаев даңғылының жалғасы жайында…

Автор:admin

Май 24, 2022

«Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізу нәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауи жол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделікті кептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтар байқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынан бастап жол айрықтың жұмысына кірісеміз. Жоба келесі жылы толық аяқталуы қажет», дейді ол. Сонымен қатар, биыл қаладағы 259 нысан 416 шақырым жол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 160 көшеде, 203 шақырым жол жөндеу жұмысы аяқталды. Ендігі жерде 99 көше, 213 шақырым жөндеу жұмыстары қалғанын айтты.  Сондай-ақ, Мақсұт Исахов аялдамалардың орнатылу барысын, веложолақтардың салынуы мен велостанциялардың орналасуы мен пайдаланылуын, қалаға кіре беріс Шымкент-Ташкент өткеліндегі жөндеу жұмыстарының барысын таныстырды. Еліміздің мегаполистерінде жолайырық жұмыстары, жолдары әрдайым басты назарда болатыны сөзсіз. Сол секілде еліміздің Оңтүстігінде орналасқан үшінші шаһарымыз Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-кезеңі Терешкова көшесінен Бөгет кешесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Қала әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында мұнда да ат басын бұрды. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -гіне жүктелген. Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалды. Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі маңызды құрылыс нысандарын тұрғындарға дұрыс түсіндіре отырып, екі жақты келесіммен үйлерді мұқтаждыққа алу керектігін айтты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды. Сондай ақ, Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен  аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда.

Jsk ақпарат

Автор: admin