• 20 апреля, 2024 9:30 дп

Шырайлы шаһарда көгілдір отынның жай-жапсары қандай?

Автор:admin

Май 23, 2022

Шымкент қаласында сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) пайдалануға берілген болатын.. Жаңа газ тарату станциясы жылдың кез келген уақытында тұтынушыларға үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазіргі уақытта қолданыстағы АГРС-1, АГРС-4 станцияларының қуаттылығы 180 000 м3/сағ құраса, жалпы қаланың қажеттілігі – 250 000 м3/сағ. Бұл нысан – елдегі ең ірі автоматтандырылған газ тарату станциясының бірі. Құрылыс жұмысы кезінде 59 шақырым газ құбыры тартылды. АГРС-3 нысанынан «Шығыс» және «Батыс» 2 магистралдық газ жүйелері Шымкент қаласына тартылып, орталықтандырылған газ құбырына қосылды. Газ тарату нысаны өте жоғары қысыммен жұмыс істейтін және өрт қаупі жоғары болғандықтан, станцияны қосу жұмыстары жылыту маусымынан соң іске асырылып отыр. «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғындар газ жабдықтарының техникалық жай-күйін, қауіпсіздігін және жыл сайын техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға, ал қызмет көрсетуші ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті. Алайда осы талаптар тиісті дәрежеде сақталмау салдарынан тек 2022 жылдың 4 айында улы газдан уланудың 78 фактісі тіркеліп, 8 адам қайтыс болған. Осы орайда, прокуратура бастамасымен бір тұрғынның улы газдан уланып, денсаулығына зиян келу фактісі бойынша ҚК-тің 306-бабының 1-бөлігімен (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.  Бұдан бөлек, 2 қылмыстық іс тергелу сатысында.  Тұрғындардан газ құрылғыларының үйішілік техникалық қызмет көрсету жөнінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйымдармен шартты міндетті түрде жасау және олармен техникалық қызметтердің сапалы жүргізілуін талап ету, сонымен бірге тұрмыста газды пайдаланудың Ережесін сақтау, газ құрылғыларының ақаулары пайда болған жағдайда тек қана газ саласындағы мамандарға жүгіну сұралады.  Сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуші ұйымның тиісті төлемді алып, газ жабдықтарының жай-күйіне тексеру жүргізбеген жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөліміне (24-75-04, 8-702-671-19-92, 8-707-230-36-17, 8-701-570-00-27, 8-775-274-54-05), ал аталған мемлекеттік орган әрекетсіздік танытса қала прокуратурасына (53-91-84) шағымдануға құқылы екендіктеріңізді түсіндіреміз.

Jsk ақпарат

Автор: admin