• 15 октября, 2024 7:16 дп

Шымкентте Тұрғындардың өтініштері назарсыз қалмайды!

Автор:admin

Май 23, 2022

Салтанат Есбосынованың өтініші бойынша жаңа баспаналардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлылығын тексерілген.Қала тұрғыны 2012 жылы 1-2 топ санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тіркеліпті. Бүгінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйдің бірінші қабатынан 1 бөлмелі пәтермен қамтамасыз етілген. Алайда, жуынатын бөлме есігінің тарлығына наразы. Айтуынша, мүгедектер арбасының көлемі ескерілмеген. Қала әкімінің орынбасары бұл кемшілік бойынша қалалық құрылыс басқармасы мен мердігер компания өкілдеріне қатаң ескерту жасап, пәтерді осы азаматтардың ыңғайлығына сай түзеуге уақыт берді. -Болашақта ешкімнің өміріне немесе денсаулығына кепіл жоқ. Сол себепті үйді өздеріңе арнағандай салу қажет. Таяу уақыт ішінде бұл кемшілікті жойып, ыңғайлы пәтермен қамтамасыз етуіміз керек. Түптеп келгенде тапсырылған нысанның кепілдік мерзімі де өтпеген, — деді Ерғали Білісбеков. Сондай-ақ, қала басшысының орынбасары тұрғын үйлердегі пандустар мен аулалардың абаттандырылуын бақылады. Айтуынша, жаңа баспаналардың жобалау құжатында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талабы қатаң ескеріліп, пәтерлер тек төменгі қабаттарынан үлестірілуі тиіс. Алдағы уақытта «Тұран-2» шағын ауданынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арендалық үймен қамту мақсатында тағы 9 үй қала меншігіне өткелі отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  қаланың дамуы мен тазалығына атсалысып жүрген Әл-Фараби ауданының белсенді азаматтарымен кездесті. Тұрғындар көтерген әрбір мәселенің орындалуы өз бақылауында болатынын айтқан қала басшысы бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер негізінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Бұған дейін болған кездесулерде жалпы 68 мәселе көтерілген болатын.  Бүгінде оның 28-і толық орындалып, тұрғындардың өтініші  қанағаттандырылған. Ал 29 тапсырма орындалу үстінде. Сондай-ақ, тұрғындардың  5 өтініші тұрақты бақылауды қажет етсе, 2 ұсыныс келесі жылы жүзеге асырылмақ.  Мәселен «Сәуле» шағын ауданынан жүретін қоғамдық көліктердің «Қазығұрт» шағын ауданына дейін ұзарту туралы өтініш берілген болатын.  Нәтижесінде №96 және №43 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертіліп, тұрғындарға қолайлы етіп жасалды.  Сондай-ақ, 195 орамдағы Қырыққыз көшесін жарықтандыру бойынша ұсыныс бірден назарға алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аталған көшеге 31 жарық шамдары орнатылды.  Ал, Әл-Фараби ауданының үй басқарушылары мен белсенді азаматтарынан құрылған кеңесте инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, тазалық сынды әлеуметтік мәселелер шешімін табуда.

Jsk ақпарат

Автор: admin