• 28 марта, 2024 4:13 пп

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 348 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Автор:admin

Май 23, 2022

Қала әкімі танысқан құрылыс нысандарының бірі — А-2 «Алматы – Ташкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстары болды. Құрылыс мерзімі 2018-2024 жылдар аралығына жоспарланған жоба жалпы 8 кезеңнен тұрады. 1 кезең — Қ.Төлеметов көшесінен Ынтымақ ш/а дейінгі аралық. Бүгінде жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесін ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын орнату, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезең осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған, қазіргі уақытта 90% жұмыс атқарылды. 2 кезең – Ынтымақ ш/а Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 80 метр, 4 жолақты. Қазіргі уақытта жұмыс 60 пайызға орындалған, 2022 жылға өтпелі. 3 кезең – Жанаталап елді-мекеніндегі бұрылыстан кейінгі Бадам өзені көпір жүйесі 100% аяқталған. 4 кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шқ құрайды. Автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Құрылыс жұмыстары басталды, жолды 2022 жылға аяқтау жоспарланған. Автомобиль жолының төрт кезеңінде де екі жағынан су ағатын арық, жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату көзделген. Бұл жолдардың құрылысы аяқталғанда қаладағы көлік кептелісі азаяды және қанағаттанарлық жағдайдағы сапалы жолдар үлесі артады. Шымкент қаласында алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 80 пайызға артады. Бұл көрсеткішке жету үшін 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған. Кешенді жоспар аясында биыл шаһарда 348 шақырым жол жөндеу жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға артады. Жалпы қала аумағында 187 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 164-де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде Мангельдин, Тоқаев, Жолан батыр, Ақназар хан, Клара Цеткин, Республика, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Дулати көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Он магистральды көшенің төртеуі жаңа, алтауы өткен жылдан өтпелі құрылыстар. Айта кетейік, жол құрылысы саласында өткен жылы орталық көшелердің құрылысына басымдық берілсе, осы жылы ішкі орамдық көшелерді жөндеу қолға алынып отыр. Сондай-ақ, қалада биыл 122 шақырым жолға шағал тас төселеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin