• Пн. Окт 3rd, 2022

Шымкентте тігін өнеркәсібі мамандарын даярлау Халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылмақ!

Автор:admin

Май 28, 2022

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 30 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.  Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Біз оның бес негізгі басымдығын көріп отырмыз. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Осы орайда Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің ұйымдастыруымен Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Сән әлемі — 2022» дефиле шоуы жоғары деңгейде өтті. Колледж оқытушыларының авторлық дизайнына сәйкес тігіліп, түрлі-түсті өрнекпен өрнектелген этно және қазақы, заманауи үлгідегі киімдер өзінің көркемдігімен көрермендер назарын баурады. «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» — Оңтүстік өңірі бойынша жеңіл өнеркәсіпке тігін және тоқыма өндірісі бойынша кәсіби жұмысшы мамандарын дайындайтын колледж. Колледж ұжымының басты мақсаты – заман талабына сай, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау.  Колледжде 65 оқытушы, 40 өндірістік оқыту шебері жұмыс атқарады. Оның 6-ы Швейцария, Швецияда, Чехияда, Финляндия мемлекеттерінде тағылымдамадан өткен. Халықаралық «WorldSkills» чемпионатының сарапшылары 3 болса, «EwroSkills» чемпионатына қатысып, тағылымдамадан өткен ұстаз. Колледжде «Жеңіл өнеркәсіп» құзыреттілігі бойынша республикалық құзыреттілік орталығы ашылған. Колледж директоры Гүлмира Жаппарқызы 2022 жылғы сәуір айында Түркия мемлекетіндегі іс-сапары барысында Мехмет Зэки Балджы Кепез атындағы техникалық жоғары колледжімен, Денизли индустриалды аймағының «Dostek» техникалық колледжімен, Исмет Иненю атындағы институты және Анталиядағы Онгушлама институтына қарасты техникалық жобалау колледжімен екіжақты Меморандумға қол қойып, серіктестік орнату бойынша келісімдер жүргізіп қайтты. Алдағы уақытта серіктестік аясында халықаралық тәжірибе алмасулар жүргізіп, нәтижеге бағытталған жұмыстар жоспарлануда. Бүгінгі таңда, колледж 35 кәсіпорынмен әлеуметтік серіктестік шеңберінде жұмыс атқарады.  Замана талабына сай еңбек нарығындағы кез келген өзгерістерге шұғыл икемделіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үкіметтің де басты назарында.

Jsk ақпарат