• 18 апреля, 2024 1:50 пп

Шымкент: үздік аспазшыларды дайындайтын ерекше колледж

Автор:admin

Май 28, 2022

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек. Сол себепті сұранысқа ие мамандықтарды Шымкент қаласы әкімдігінің тарапынан орталықтандырып жүйелендіруге ерекше назар аударылып келеді. Соның бірі тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері — болашақ асхана шеберлері және оқу өндірістік шеберлері Елордамызда ағымдағы жылы өткен «ДелоРук — 2022» ІІІ Халықаралық Фестивалінің жеңімпаздары атанып, қанжығасы майланып қайтты. Өздерінің теңіз өнімдері, вегетариандық ас түрлері, заманауи ұлттық тағам, тоқаш және кондитер өнімдерін дайындауда, ұсынылған тапсырмалар бойынша үздік жұмыстарымен ерекшеленіп, алдыңғы қатарлы үздіктер қатарынан орын алды.  Колледждің оқу өндірістік шеберлері М.Н.Караева жетекшілік ететін «Наубайшылар тобы» алтын медаль, Ф.Тұрғанбайқызы жетекшілік ететін «Аспазшылар тобы» күміс медаль, «Карамель композициясы» бойынша Арт-класс номинациясы бойынша А.М.Тілектес алтын медаль, З.С.Заколюкина жетекшілік ететін «Ерекше тағамдарды әзірлеу» номинациясы бойынша алтын медаль, А.А.Турлиева жетекшілік ететін «Табиғи өнімдерден сурет салу» Арт-класс номинациясы бойынша қатысушылар алтын медаль, «Алтын аспаз шебері» коминациясы бойынша З.С.Заколюкина алтын медаль, «Қара жәшік» номинациясы бойынша Г.М.Рымжанова, А.М.Тілектес, З.С.Заколюкина күміс медаль иегерлері атанды.  Аспазшы — қоғам сұранысына ие мамандық. Астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға дәмді тағам даярлау арқылы қуаныш сыйлай білу де шеберлік пен кәсібилікті қажет етеді. Бүгінгі таңда, жастардың аспаздық, кондитерлік өнердің түрлі тәсілдері мен құпиясын білуге талпынысы артқан. 2021 жылы колледж базасы «Жас маман» жобасы аясында замануи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. М.Абилдақызы бастаған колледж ұжымы Республикалық, Халықаралық кәсіптік байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin