• Пн. Дек 5th, 2022

Шымкентте Президенттің Қазақстан халқына жолдауы насихатталуда

Автор:admin

Сен 28, 2022

Жолдауда көтерілген ең маңызды мәселелердің бірі ауқымды саяси реформаларға қатысты болды. Дәл осы реформадан туындайтын жайттар жалпыұлттық референдумға түрткі болды. Референдум 5 маусымда өтіп, Қазақстан халқы еліміздің Ата заңының 33 бабына бірнеше ондаған түзетулер мен толықтыруларды қолдады. Нәтижесінде жаңарған Конституцияда Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынды. Өлім жазасына тыйым салу туралы шешім біржола бекітілді. Президент Жолдауы Әділетті Қазақстанды құруға негізделеді. Әділеттілікте ең бірінші жер мәселесін қарастыру керек. Мемлекет байлағының иесі халық болғандықтан, сол жерден шығатын мұнай мен газдың пайдасын халық көрмей отырғаны әділетсіздік. Екінші үлкен мәселе – құқық саласы. Осы саладағы түрлі әділетсіздіктер салдарынан парақорлық көп, ал құқық саласында әділеттілік орнамай елдің дамуы да жақсармайды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға насихаттау мақсатында, Ақтас-2 тұрғын алабы тұрғындарына арнап кездесу өткізілді. Жиын барысында Жолдауда көтерілген негізгі 5 бағдар бойынша қызу талқу болып, кездесу пікір-таласқа жалғасты:

БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Сондай-ақ, жиын барысында тұрғындарды ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды бірлесе құруға, белгілеген жұмысты өз деңгейінде атқаруға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, бұл міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.