• Пн. Окт 3rd, 2022

Шымкентте «Оңтүстік» айналма жолының құрылыс жүргізілуде

Автор:admin

Май 23, 2022

Бүгінде күнделікті қарбалассыз жұмысың бітпейді. Демек, жол- көлік қыжалатын бастан өткер­меген жан кемде-кем. Осы мақаланы жазу барысында респуб­ли­калық, облыстық деңгейдегі күрежолдардың жағдайымен танысуға мүмкіндік туды. Автомобиль жолдары комитеті департаменті бойынша өткен жылы атқарылған жұмыс пен биылғы жылдың жоспарына да назар аудардық. Департамент 2519 шақырым республикалық маңызға ие автокөлік жолдарының талапқа сай болуын қадағаласа, олар бәрі де оңынан оралып, жөндеу жұмыс­тарында ешбір олқылық жоқ дейді. Биыл елімізде соның ішінде ірі қалаларда жалпы ұзындығы 600 шақырымнан асатын 4 жолдың құрылысы басталады.  «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынатын Шымкент қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолының жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, аталған жобаны осы жылы бастау жоспарлануда. Республикалық маңыздағы жол төрт жолақты және 1б дәрежелі болып, қарқындылығы тәулігіне 25 мың көлік болады деп күтілуде. Ал бұл жобаның Шымкент қаласы аумағымен қатынайтын 20 мыңға жуық транзиттік және басқада автокөліктердің айналма жолмен қатынап, қала аумағындағы көлік кептелісін сейілтуге және жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізбек. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылыс барысымен танысты. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. 2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр.  Айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда. Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда.Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр. Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал,  8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде.

 

Jsk ақпарат