• 12 ноября, 2024 4:05 дп

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН ӨТТІ

Автор:admin

Июн 7, 2022

2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысы әр апта сайын әр аудан жастарымен мүшелерінің кезекті отырысы Әл-Фараби ауданының жастарымен өтті. Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері қатысты және жастар қатысты.  Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысы әр апта сайын әр аудан жастарымен кездесетін болады. Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы «Жастар ресурстық орталағының» директоры Исахов Мағжан Шыңғысұлы баяндама жасады. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев: «Біліммен қатар тәрбие де жүру қажет. Қазіргі жастар қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау керек. Кезінде әл-Фараби: «Тәрбиесіз білім – адам баласына жат» деп бекер айтпады. Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыру керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің.» – деді. Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлері айтылды.  Атап айтқанда:  Әл-Фараби ауданына қарасты шалғай елдімекенде орналасқан жастарға қаламыздағы мәдени-тарихи кешендерге саяхат ұйымдастыру; Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін, білімі жоқ жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру; Жас журналисттерге арналған семинарлар өткізу; Қалалық және республикалық ұлттық өнер жарыстарын өткізу және бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, дамыту. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне,  бұқаралық спортты дамытуына Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өз қолдауын білдіретіндігін айтты.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin