• 3 декабря, 2024 2:19 пп

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

Автор:admin

Июл 10, 2022

Реформа бар салалардың және жалпы экономиканың өнімділігін арттыруға, сондай-ақ оның күрделілігін арттыруға бағытталған. Шығындардың төмендеуі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің артуы, салалардың әртараптандырылуы мен жоғары өнімді жұмыс орындары санының өсуі негізгі нәтиже болады. Болашақ пен технологияларды бүгінгі таңда бөлуге болмайды. Жаппай цифрландыру мен технологиялық қайта жарақтандыру арқылы біз экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету жолындағы басты тосқауыл – төмен өнімділікті еңсеру тұр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының барлық салаларында еңбек өнімділігі деңгейінде дамыған елдерден артта қалу байқалады. Мысалы, ауыл шаруашылығында мұндай артта қалу дәрежесі 12-15 есе, тау кен өндіру өнеркәсібінде 5-10 есе, өңдеу өнеркәсібінде 2-4 есе байқалады. Экономиканың күрделілігі мен ғылымды қажетсінуінің одан әрі артуы ҒЗТКЖ-да инвестициялардың төмен деңгейімен шектелген, олар Қазақстанда ЖІӨ-нің 0,15%-ын ғана құрайды (Ресей мен Бразилияда – 1,2%, Канадада – 1,6%, Австралияда – 2,2%), ол инновацияларға төмен сұраныс пен қолданбалы зерттеулердің жетіспеуіне байланысты.Осыған байланысты биыл Шымкент қаласы бойынша «2020-2025» жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатылары жаңартылады. Сонымен қатар жыл басынан бері 70-ке жуық лифтте қауіпсіздік сапасын бақылау мақсатында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан сынақ жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 9 жеделсаты тіркеуге алынып, қалғандарында талапқа сәйкестендіру жүзеге асырылуда.  Басқарма тарапынан сондай-ақ, жеделсатылардың техникалық жағдайын  тексеру шаралары қарқынды жүргізілуде. Мамандар қауіпсіздік талаптарын қадағалау мақсатында Тұран-2 шағын ауданы #55 А және Нұрсат шағын ауданындағы #219 үй тұрғындары мен аудан әкімдігі және қызмет көрсетуші мекеме өкілдерімен бірлесе  лифттердің жағдайын бақылады. Бұған аталған мекенжайлар бойынша  IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан өтініштердің жиі түсетіндігі негіз болған. Кездесу қорытындысы бойынша басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті мамандарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Жалпы, Шымкент қаласында 639 лифт бар. Оның ішінде 515 жеделсаты көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған. Жүк көтергіштер  істен шығып немесе оқыс оқиға орын алған жағдайда «IKOMEK» орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласу қажет. Байланыс орталығында тұрғын үйлердің тізімі мен жауапты мекеме қызметкерлері бекітілген.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin