• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН» 1500-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

Автор:admin

Авг 4, 2022

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған.  Жұмыспен қамту орталықтары — жұмыспен қамту қызметін ұсынатын «еңбек нарығындағы бірыңғай терезе». Халықты жұмыспен қамту орталықтарымен өзара іс-қимылдың көпарналы схемасы енгізілді. Өтініш берушілер мен жұмыс берушілер кеңейтілген арналар арқылы өзара әрекеттеседі, атап айтқанда:

жұмыспен қамту орталықтары арқылы;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

ауыл әкімдері арқылы;

цифрлық арналар арқылы: электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz порталы), электрондық пошта, телефон арқылы байланыса алады. Жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызметтердің стандарттары қайта қаралды. 2019 жылдан бастап орталыққа жүгінген әрбір азамат атаулы және жеке тәсілмен қамтыла бастады. Мамандыққа бейіндеу жүргізіледі, нақты мамандыққа икемін анықтау үшін кәсіптік бағдарлау көзделген. Жұмыссыз адамның дағдылар деңгейін бағалау негізінде оның күшті және осал тұстарын ескерумен жұмыспен қамтудың жеке жоспары жасалады. Шымкентте «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілген шаралардың оң динамикасы байқалады. Аталған жоспарда жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде қарастырылып, осы санаттағыларды жұмыспен қамту шараларына басымдық берліген. Бұл бағытта «Жастар практикасы» бағдарламасының рөлі ерекше.  Мәселен, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша  «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған.  Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр. Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.  Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді.  Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК  көтеріліп 91 890 тг. құрар отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.

Jsk ақпарат