• 2 ноября, 2024 2:22 пп

Шымкентте денсаулық саласын дамыту қалай жүзеге асуда?!

Автор:admin

Май 23, 2022

Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті. Осы мақсатта Шымкент қаласында денсаулық саласын дамыту әжептеуір қолға алынып келеді. Қаладағы емханалардың қызмет көрсету сапасы мен медицина мекемелерінің барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілу барысын қадағалау мақсатында қала әкімі №5 қалалық емханаға барып, алғашқы медициналық-әлеуметтік  көмек  көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланғанын көрді.  Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер , педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде. Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі.  Ұйымда Емдеуге жатқызу бюросы порталы (БГ), медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген. Емханада барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар.

Jsk ақпарат

Автор: admin