• 15 октября, 2024 5:37 дп

ШЫМКЕНТТЕ ВОЛОНТЕРЛАР БІР-БІРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Автор:admin

Авг 10, 2022

Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады. Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар. Ерікті болу басында айтып өткеніміздей сізге ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылыққа кенелесіз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Әсіресе еріктілердің аудармашы ретінде қатысулары үлкен пайда. Ол еріктінің тілді еркін меңгеріп кетуіне, жұмысты үйренуіне септігін тигізеді. Ортамен тез тіл табысуды меңгеріп, адамгершілігі мол таныстар, достар табасыз. Кей еріктілердің жұмысына қарай, олардың белсендігі үшін белгілі бір көлемде ақша төленбесе де оларға сыйлық ретінде киімдер, кітаптар, түрлі заттар берілуі мүмкін. Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерларды оқытуға арналған семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг волонтерлар, жастардың бойында көшбасшылық, жауапкершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету, волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруды мақсат еткен. Шымкент қаласының ASSA жастар жастар қоғамдық бірлестігі, «Ізгілікте жарысайық», «Харекет» қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық электронды порталы, «Жігер» салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, «Жасыл ел» еңбек жасақтары волонтерлік ұйымдары қатысып, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында ұйым жетекшілері семинар тақырыбына сай дәріс оқып,  жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр үйым өздерінің жұмыс барысымен таныстырып өтті. Семинар-тренинг қатысушыларына ұйымдастырушылардың атынан арнайы сертификаттар табыс етілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin