• 13 октября, 2024 11:03 дп

ШЫМКЕНТТЕ «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА 13,3 МИЛЛИАРД ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН

Автор:admin

Июл 5, 2022

Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Мәселен, шағын және орта бизнес қайтарымсыз грант алуға болады. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2025». Бағдарламаның басты шарты: жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес келетін  сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір инновациялық бизнес-жоба ұсынуы керек. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №491 қаулысымен өзгерістер енгізілді, құжат 2020 жылдың 26 тамызында жарияланды. «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің өтініштері негізінде ҚР Ұлттық Экономика министрлігі алдында кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген мерзімі 4 жылдан асып кеткен несиелерді қайта қаржыландыруға мүмкіндік беруді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі қолдады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі 5 жылды құрайды. Шымкент қаласында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламаның арқасында 13,3 млрд. теңге қарастырылып,  бүгінде 4,1 млрд. теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

–«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд. теңге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы аясында 944 млн.теңге бағытталып, бүгінде 183,4 млн. теңгеге 19 жоба қаржыландырылды, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 6 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Жыл басынан бері 865,6 млн. теңгеге 86 жобаға қолдау көрсетілген.

М.Әйтенов «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығы жұмыс істеп жатқанына да тоқталып өтті. Онда 24 мыңнан астам  кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілген.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin