• 13 октября, 2024 10:05 дп

ШЫМКЕНТТЕ «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ЖАҢА ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСПАҚ

Автор:admin

Авг 8, 2022

 Ұлттық жобалар — бұл қандай да бір мәселе бойынша мемлекеттік саясатты баяндаудың ықшам нысаны. Бізде 15-20-ға жуық ұлттық жоба қабылданады, онда ұлттық жобаның міндеті, мысалы, геологиялық барлауды дамыту немесе электр энергетикасы саласын дамыту немесе агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы, денсаулық сақтау реформасы, нақты не істелетін болады, қандай қаражат бөлінуі тиіс және оған кім жауап береді нақты белгіленетін болады Әрбір өңірдегі жағдайдың қандай екенін, онда мемлекет алдына қойып отырған көрсеткіштерге, оның ішінде орнықты даму көрсеткіштеріне (азаматтардың әлеуметтік жағдайы, өңірлердегі экологиялық жағдай және т.б.) қалай қол жеткізілетінін нақты түсінуге тиіспіз. Екінші жағынан, әрбір өңірдің өзінің нақты артықшылығы бар, яғни кейбір өңірлер ірі өндірістерді технологиялық жаңғыртуға дайын, кейбір өңірлер аграрлық қайта өңдеуге, ауыл шаруашылығын дамытуға, мұнай өңдеуге бағдарланған. Сондай-ақ бізде аумақтық даму саясаты бойынша агломерациялар қалыптастырылудаҚала әкімі М.Әйтенов «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан бірнеше жеңіл өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты.  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем және кілем өнімдерін шығаратын кәсіпорын өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 пайызы ішкі, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, техникалар толықтырылуда.  «Bal Tekstil» кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тонна полипропилен жібін және 5 млн шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» экспорттық нарықтарды игере бастады. Ал бір жыл бұрын Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны. ШЫМКЕНТТЕ ЖІП ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ Биыл алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 10,1 пайызға өскен. Нәтижесінде, биыл инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба жүзеге аспақ. Солардың бірі — аралас иірілген жіп шығаратын «Azala Cotton» зауытының екінші цехы. Инвест жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жылына 2500 тонна өнім өндіретін жоба жыл соңына дейін іске қосылғанда 200 адамға жұмыс орны ашылады. Өнімнің 100 пайызы ішкі нарыққа арналған.

Jsk ақпарат

Автор: admin