• Пн. Дек 5th, 2022

ШЫМКЕНТТЕН 800-ге тарта жас әскерге шақырылады

Автор:admin

Сен 28, 2022

Бұл жөнінде Шымкент қаласының қорғаныс істеріжөніндегі департаментінің бастығы полковник АлмазТілеуханов Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріБас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстарыдепартаменті бастығының орынбасары полковник Рустам Ақбаровтың жетекшілігімен Шымкент қаласындағы жергілікті әскери басқару органдарыныңбасшылық құрамына «Күзгі әскерге шақыру науқанынұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында оқу-әдістемелікжиынында айтты.

Жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары, қалалық шақырукомиссиясының төрағасы Шыңғыс Мұқан, Шымкент гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі БағланТелеу және басқа да әскерге шақыру жұмыстарынұйымдастыруға жауапты тұлғалар қатысты.

Қорғаныс департаменті бастығының айтуынша, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары2021 жылмен салыстырғанда 72 адамға артқан.

– Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегідепартаменті 2019 жылы құрылған сәтте азаматтардымерзімді әскери қызметке шақыру жоспары 1 жылға 1200 жуық баланы құрайтын, ал қазіргі таңда 2022 жылғыкөктем-күз әскерге шақыру жоспары 1600 жуық азаматтықамтып отыр. Қаладан көктемгі шақыруға берілгентапсырыс артығымен – 103%-ға орындалды. Оның ішінде Қарулы күштер қатарына 16, Ұлттық ұланға 9 адам берілгентапсырыстан артық жіберілді. Күзгі әскерге шақыружоспарына сәйкес, қаладан барлығы 800-ге жуық адамшақырылмақшы. Бұл жоспарды сапалы орындау үшін 6 мыңнан астам азаматтың денсаулығы зерделену керек. Бүгінде қала бойынша 3 мыңнан астам азамат осындай тексерулерден өтіп, оның 300-ге жуығы іріктеліп, жекеістері толықтырылуда, – деді полковник Алмаз Тілеуханов.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте халыққа арнаған жолдауы да талқыланды. Қорғаныс министрлігінен келген офицерлерқұрамы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралытармаққа нақтырақ токталды. Бұл жолда Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Ербол Айтбаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментініңөкілі Жазира Әлжанова сыбайлас жемқорлықты тудыратынсебептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарғатоқталып, жемқорлыққа қарсы күрес кешенді негізде, яғнимемлекеттік органдар мен азаматтардың тығыз қарым-қатынасында жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті.